wordpress themes.

«Адам құқығы саласы бойынша халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын Қазақстан Руспубликасы заңнамасы мен құқықтық қолдану тәжірибесінде іске асыру»

Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы кеңесінің төрағасы Евгений Александрович Жовтистің ККБО АӨДА үшінші секторлық мәжілісінде сөйлеген сөзі

 

Құрметті қатысушылар,

Менің сөйлейтін сөзімнің тақырыбы біздің заңнамамыздың және құқыққорғау тәжірибесінің тұжырымдамалық мәселелеріне байланысты.

Мен барлық заңнаманың даму үрдісіне немесе құқыққорғау тәжірибесіне жалпылама баға беруден аулақпын, мен тек өзімді қызықтыратын, адами өлшемдер жөніндегі аталмыш консультативтік-кеңес беру органының шеңберінде қарауға болатын мәселелер жөнінде, атап айтсақ, Конституциямыздың екінші тарауын, яғни, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын іске асыруды қамтамасыз ететін заңнамалар мен тәжірибелер туралы, сондай-ақ, біздің адам құқығы саласындағы халықаралық міндеттемелеріміздің орындалуы жайлы айтқым келеді.

Халықаралық сарапшы және адамның құқығы мен бостандығына қатысты халықаралық құқық саласының маманы ретінде бір нәрсені анықтап алғым келеді: адам құқығы саласындағы халықаралық құқық – ол  нормалардың ғана емес, керісінше, ең алдымен, қағидалардың құқығы.

Ол заңнама мен құқыққорғау тәжірибесінде адам құқығы саласындағы іргелі қағидаларды іске асыру болып табылады.

Бұл концептуалды, ал қаласаңыздар, құндылықты тәсіл немесе бағдар. Мұны мойындамай біздің заңнамаларымыздың, институттардың және тәжірибенің халықаралық стандарттарға сай келуі туралы айту мүмкін емес.

ҚР Конституциясына сәйкес адам құқығы жөніндегі ратификацияланған халықаралық шарттар (пактілер, конвенциялар) біздің ұлттық заңнамамыздың құрамдас бөлігі екендігіне қарамастан, олар неге құқыққорғау тәжірибесі мен сот орындарында қолданылмайды?

Себебі, бұл құқықтық құжаттар қолданылуы үшін басқа, «жайлы» құқықтар деп аталатын дерекнамаларға сілтеме беретін қағидаларға негізделеді. Атап айтсақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ және тағы басқа халықаралық ұйымдар құрылымдарының басып шығарған нұсқаулықтары, ережелер, стандарттар және т.б.

Шектеулер мен ерекшеліктерге қатысты АСҚХП қағидалары жөніндегі 1984 жылғы Сиракуз қағидаларына сілтеме жасамай Азаматтық бостандықтардың бұзылғандығы немесе олардың азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық құқыққа сай келмейтіндігі туралы айту мүмкін емес.

Шешім шығару барысында адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот, адам құқығы жөніндегі БҰҰ Комитеті және ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің бірқатар ұлттық соттары сілтеме беретін ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының Нұсқаулық қағидаларына сілтеме бермей, АСҚХП 21 бабында бекітілген бейбіт жиын өткізу құқығының бұзылғандығы туралы шешім шығару мүмкін емес.

Сондай-ақ, заңдық күші немесе кепілдемелік сипаты бар немесе жоқтығына қарамастан әртүрлі халықаралық құқықтық ережелерге, адам құқығы жөніндегі әр түрлі халықаралық органдардың шешімдеріне де сілтеме жасаған жөн.

Себебі, біріншіден, оларда АСХҚП немесе адам құқығы жөніндегі басқа да халықаралық шарттарда бекітілген заманауи түсініктер берілген.

Екіншіден, оларда кез-келген құқықтар мен бостандықтарға қатысты құқыққолдану тәжірибесінің халықаралық тәжірибесі жинақталады.

Үшінші, оларда үнемі сөз болатын және сақталуы тиіс, алайда, биліктің берген бағасына біздің бағамыз мүлдем қайшы келетін халықаралық стандарттар тіркелген.

Төртінші, олар арқылы біз адам құқығы мен бостандығын қай кезде шектеуге болады, қай кезде олай жасау халықаралық стандарттарға сай келмейтіндігі туралы біле аламыз.

Құқықтық ақпарат туралы осы айтылғандардың барлығы бізге ұлттық заңнамалар мен құқыққолдану тәжірибесін халықаралық стандарттарға барынша жақындата отырып, дамытуға мүмкіндік береді, ал, халықаралық стандарттар, өз кезегінде бірқатар іргелі қағидаларға негізделеді.

Осыған байланысты сіздердің назарларыңызды аударғым келетін тұжырымдамалық тезис төмендегідей: мемлекет адамның құқығы мен бостандығын реттемеу керек. Ол бұл құқықтармен қамтамасыз етіп, оларды қорғауы, олар бұзылған жағдайда қалпына келтіруі керек.

Бұл құқықтарды ретке келтіру тек екінші мақсатқа айналуы керек, онда да мен кейінірек сөз қозғайтын шектеу межелерін қатаң сақтай отырып, іске асырған жөн.

Біздің заңнамалық трендіміз регулятивтік-қорғау доминантына, рұқсат беру-шектеу мақсатына негізделген.

Осы көзқарас тұрғысынан біз жаңа дәуірде де қоғам мен оның кейбір мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын бақылауда ұстайтын кеңестік дәстүрді жалғастырудамыз. Ал, мұндай норма жасаушылық және құқыққолдану тәжірибесінің халықаралық стандарттарға еш қатысы жоқ.

Енді адам құқығы саласындағы іргелі қағидалардың біразына тоқталып өтейін.

 

Қағида: шектеу қойылмағанның барлығы азаматқа (азаматшаға) рұқсат етіледі. Ал бұл қағиданың екінші жағы да бар: заң арқылы билік рұқсат бермегеннің барлығы шектеледі.

Бұл дегеніміз, азамат (азаматша) еш шектеусіз, мемлекеттік органның араласуынсыз еркін әрекет ете алады дегенді білдіреді. Мұның заңмен анықталған және шектелген әрекеттерге ғана қатысы жоқ. Мемлекет өкілдермен қарым-қатынас жасау барысында азамат заңға сүйене отырып, мұндай әрекетке заңның шектеу қоймағандығын дәлелдеуінің қажеті жоқ. Керісінше, мемлекеттік билік өкілдері нақты заң нормаларына сүйене отырып, қандай да бір әрекетке шектеу қойылғандығын дәлелдеуі керек.

Сондай-ақ, мемлекеттік билік өкілдері азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектей отырып немесе азаматқа қатысты қандай да бір шешім қабылдай отырып, өздерінің осылайша әрекет етуіне  рұқсат беретін заң нормасы шеңберінде әрекет етіп жатқандығын дәлелдеуі керек. Себебі, заңмен бекітілгеннен басқа мемлекеттік билік өкілдерінің кез-келген әрекеті заңсыз болып табылады.

Мұнда ең бастысы билік өкілдерінің заңнама ережелерін өз қалауынша түсіндіруіне жол бермейтін, заңда нақты және түсінікті тілмен жазылған тәртіп.

Бірнеше қарапайым, ең соңғы мысалдарды назарларыңызға ұсынайын.

Ел көлемінде полиция, қаржы полиция органдары және ұлттық қауіпсіздік органдары қандай да бір тұлғаның қандай да бір мемлекеттік органға «өзіңізге қатысты мәселе бойынша» келмесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде шақыру қағаздарын таратады. Бұл шақыру қағаздарында ол тұлғаның кім ретінде (куәгер, күдікті, айыпталушы), қандай қылмыстық іс бойынша шақырылып жатқандығы көрсетілмейді. Ал, шақыру қағазы дегеніміз мәжбүрлеп шақыруды білдіретін құжат, ал ҚР ҚПК сәйкес бұл құжатта шақырылушы адам үшін қажетті барлық мәлімет, яғни, оның мәртебесі мен шақыру себебі нақты көрсетілуі керек. Себебі, қажет болған жағдайда шақырылған адамның адвокат көмегіне жүгініп, егер оған қандай да бір айып тағылған жағдайда лауазымды тұлғалармен кездесуіне мүмкіндігі болуы керек.

Айтпақшы, бірнеше жыл бұрын мені де осындай шақырту қағазы бойынша шақыртқан еді, онда да «Сізге қатысты сұрақ бойынша» делінген болатын. Сондықтан, онда көрсетілген телефонға қоңырау шалып, келе алмайтындығымды, мені шақырып жатқан органмен менің еш жұмысымның жоқтығын, ал менің онда баруым үшін олардың менің бару себебім мен ондағы менің мәртебем нақты көрсетілген шақыру қағазын жіберуі керектігін айттым.

Немесе полицейлердің азаматтардан себебі болса да, болмаса да түсініктеме алуы жөнінде айтуға болады. Түсініктеме, жаңадан пайда болған, алайда, заң арқылы әлі де анықтала қоймаған процессуалдық құжат. Бұл бір жағынан хаттамалық форма емес, ал екінші жағынан ол мойындау немесе куәгерлік құжат емес. Бұл екеуінің ортасындағы, азаматтарға қиындық тудырып отыратын құжат. Түсініктеме жазудан бас тартсаң қорқытып, үркіте бастайды, себебі олар ұсақ түйекке бола түсініктеме жазу біздің азаматтық борышымыз деп есептейді.

Шын мәнінде, мұны ұсақ түйек деуге де болар еді, алайда, заңда нақты көрсетілмеген ережелерден болып, билік пен қоғам арасында түсініксіздік пайда болады, сондықтан, биліктің өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік бермейтін заң ережелерінсіз адам құқығын қамтамасыз ету туралы айту мүмкін емес.

 

Келесі қағида құқықтар мен бостандықтармен қамтамасыз етіп, оларды іске асыру жөніндегі презумпция қағидасы.

Қандай да бір құқық немсе бостандыққа шектеу қоюға жеткілікті негіз бар немесе жоқтығын дәлелдеу мұндай шектеу қоятын орындардың жауапкершілігінде. Құзырлы мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттері ең алдымен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға бағытталуы керек, тек жеткілікті негіз болған жағдайда ғана заңмен бекітілген шектеу қою керек.

Яғни, мемлекеттік билік азаматтардың өз құқықтарын іске асыруына көмектесуі керек.

Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу немесе ар-ұждан және дін бостандығы құқығының іске асырылу мәселесі бұл қағидалардың мойындалмайтындығын көрсетеді.

Заңнама да, құқыққолдану тәжірибесі де, керісінше, осы құқықтар мен бостандықтарды қолдануды барынша қиындатып жатқандай көрінеді. Егер сіздер жиын өткізу бостандығы жөніндегі Нұсқаулық қағидаларды осы саладағы біздің заңнамамыз бен құқыққолдану тәжірибесімен салыстырар болсаңыз, онда олардың арасында еш ұқсастық жоқ екендігін байқайсыздар.

Ары қарай, заңды тұрғыдан жорамалдау және нақтылық қағидасы.

Қандай да бір құқықты немесе бостандықты шектеуге қойылатын талапты анықтау кез-келген адамның заңды немесе заңсыз іс әрекет пен олардың салдарларын еш қиындықсыз айыра алуына көмектесетін нақты межелерге негізделген болуы керек. Осылай жасау заң ережелерін мемлекеттік органдар өкілдері мен азаматтардың дұрыс түсінуіне көмектеседі.

Бұл қағиданың біздің елімізде мүлдем сақталмайтындығын «Алға!» партиясының алты жылға созылған тіркеуінен, «біріккен БАҚ» үстінен қозғалған соттан немесе қоғамдық немесе діни араздық тудырды деп таққан айыптан байқауға болады.

Бұл қағиданың бұзылғандығы туралы тағы бір мысал келтірейік. Түрмедегі бас бостандығынан айырылғандар қысқа мерзімге туыстарымен кездесуге құқылы. Заңда ол екіден төрт сағат деп көрсетілген. Адам құқығын қорғау мәселесі тұрғысынан алып қарағанда, екі, үш немесе төрт сағат кездесе ме, мұны сотталғандар шешуі қажет. Оның орнына, заңды тұрғыдан нақтылықтың болмауына байланысты кездесудің қанша сағатқа созылуы қажет екендігін әкімшілік өзі шешеді, кейде, тіптен, оны бір сағатқа дейін қысқартып тастайды. Қылмыстық-атқарушылық заңнамаға сотталушының қалауымен екіден төрт сағатқа дейін деп қосып жазу керек.

Шамаластық қағидасы.

Қандай да бір құқықты немесе бостандықты іске асыруды шектеу ісі шамаластық сынағынан өтуі керек, яғни, қойылатын шектеулер заңды мақсатқа шамалас келуі керек. Ең төменгі дәрежедегі мақсатқа жету тәсілдері қалаумен ұштасып жатуы керек.

Пикеттер, жиындар, шерулер және кездесулер өткізу үшін жергілікті мәслихаттардың бір-екі жерді бөлуі немесе билік орындарына петиция тапсырғысы келетіндерді тұтқындауы шамаластық қағидасының жоқ екендігін көрсетеді. Айтпақшы, осындай шешімдердің көмегімен мәслихаттар қалайша әр түрлі жерде өтіп тұратын шерулер мен кездесулерді өткізу жөніндегі Конституциямызда және халықаралық шарттарда бекітілген құқықтарды іске асырмақшы?

Тағы бір қағида – кемсітпеу қағидасы.

Адамның құқығы мен бостандығы еш кемсітушіліксіз іске асуы қажеттігі туралы қағиданың негізі халықаралық стандарттардан бастау алады. АСХҚП 2 бабы әр мемлекеттің өз аумағында орналасқан және олардың юрисдикциясына жататын барлық адамның құқығын еш кемсітушіліксіз іске асыру үшін барлық шараны қабылдауын талап етеді. Атап айтсақ, құзырлы органның қандай да бір құқық немесе бостандық жөніндегі шешімі кемсітушілікке жол бермеуі керек, бұл тура немесе жанама кемсітушілікке жол берілмейді дегенді білдіреді.

Ары қарай, қабылданған шешімнің ашықтығы қағидасы.

Қандай да бір құқықты немесе бостандықты шектеу жөніндегі құзырлы органның шешімі ашық жағдайда қабылдануы керек. Азаматтар қойылған шектеудің негізі болып табылатын мұндай шешімді қабылдау уәжі туралы ақпаратты еш кедергісіз ала білуі керек деп есептейміз. Қабылданған шешімнің ашықтығы қандай да бір құқық немесе бостандық ойдан құрастырылған қауіптің негізінде шектелмейтіндігіне кепілдік бере алады. Сондай-ақ, қандай да бір нақты мәселе туындаған жағдайда бұл мәселелердің алдын ала шешілуіне кепілдік береді.

Қабылданған шешімге қатысты келіп түскен шағымдарды әкімшілік немесе сот арқылы тез және уақытында шешу қағидасы.

Қандай да бір құқықты немесе бостандықты шектеу жөніндегі шешімге келіспеушілігін білдіру құқығының қол жетімді болуы ол істі соттың тез қарайтындығы жөніндегі кепілдікпен қамтамасыз етілуі керек.

Мұндайда, сот шешімімен келіспейтіндігін білдіру мүмкіндігінің болуы шешімді қайта қарау жөніндегі тиімді әкімшілік тәртіпті алмастыра алмайды.

Мәжіліске қатысушылар кемсітпеушілік, ашықтық және шешім шығару жылдамдығы қағидасының қаншалықты деңгейде сақталынып жатқандығын өздері бағалай алады деп ойлаймын.

Соңғысы, адам құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіндігі межесінің негізінде сыналған болуы керек.

Шектеуге болатын адам құқықтары мен бостандықтары

– заңмен бекітілген,

– қоғамдық және әлеуметтік қажеттілік талаптарына сай келетін,

– демократиялық қоғамда ұлттық қауіпсіздік, тәртіпсіздік пен қылмыстың алдын алу, ден саулық пен адамгершілікті сақтау немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау сияқты заңды мақсатқа негізделген болуы керек.

Мұндайда, қойылатын шектеулер мақсатқа сай болуы керек.

Мен өзімнің қазақстандық заңнама мен құқыққолдану тәжірибесі қайшы келеді деп есептейтін адам құқығы саласындағы бірқатар халықаралық құқықтарды атап өттім және оларды түп тамырымен қайта қарап шығу керек деп ойлаймын.

Бұл, халықаралық, соның ішінде, үкіметтік емес құқыққорғау ұйымдарының мемлекетіміздің адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттарды орындамайды деп сынауының негізгі себебі.

Адам құқығы саласындағы халықаралық құқықтың аталмыш негізгі қағидаларын іс жүзінде іске асыру ауыр да ұзақ уақытты талап ететін жұмыс. Шетелдік, соның ішінде, дамыған демократиялық мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл қағидаларды жүзеге асыру көптеген қиындықтарға тап болуда.

Дегенмен, дүние жүзінің көптеген елдерінде ең басты іс орындалды: аталмыш қағидалар заңнамада бекітілген және оларды ең алдымен сот органдары өз тәжірибелерінде қолдануда.

Біздің заңнамамызда және құқыққолдану тәжірибесінде аталмыш қағидалардың сақталмайтындығы он шақты Қазақстан азаматынан мемлекетке қарсы келіп түскен шағымын қарастыратын адам құқығы жөніндегі БҰҰ  Комитетінің алғашқы шешімдерінде айқын болады деп ойлаймын.

Бұл шағымдар әділ сөт төрелігі құқығының бұзылуына, сөз бостандығы және өз ойын еркін білдіру құқығына, бейбіт жиындар өткізу құқығына, ар-ұждан және дін бостандығы құқығына және ұйымдар құру құқығына байланысты.

Осы істерге қатысты Комитеттің заңнамасымен танысатын болсақ, барлық шешімнің негізінде мен атап өткен қағидалардың жатқандығын көруге болады.

Осыған байланысты, бұл сатыда мен үш ұсыныс жасағым келеді:

  1. 1.      Құқықорғау ұйымдарымен бірлесе отырып, жұмыс тобын құру және қазақстандық заңнамалар мен құқыққолдану тәжірибесінің адам құқығы саласындағы халықаралық негізгі қағидаларға сәйкес келетіндігіне немесе келмейтіндігіне жан-жақты талдау жасау.
  2. 2.      Қазақстан Республикасы заңнамасында адам құқығы саласындағы халықаралық құқықтың басты қағидаларын бекіту жөнінде ұсыныс жасау.
  3. 3.      Қазақстан Республикасының Жоғары сотына сот тәжірибесінде адам құқығы саласындағы халықаралық қағидаларды қолдану жөнінде нормативтік қаулы қабылдауын ұсыну.

 

Астана қ., 19 шілде 2013 ж.

Сендер түсініктемені немесе сілтемені , сіздің сайтыңызға қалдыру білесіңдер.

Қалдыр түсініктеме

Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru