wordpress themes.

«Қазақстан Республикасында адам құқын сақтаудың институционалдық тетіктері»

Шорманбаев Амангелдінің, баяндамасы

Консультативтік-кеңес беру органының мәжілісі:

ҚР Сыртқы істер министрлігі (ККБО АӨДА) жанындағы«Адами өлшемдер жөніндегі диалог алаңы»

 Адам құқығы, басқа да адамның жеке басына тиесілі субъективті құқық сияқты қорғауды қажет етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда құқықтың үстемдік құру үрдісі  жалпыға бірдей қабылданған және халықаралық тәжірибеде орын алған құқықтық жүйені құру қағидасынан тұрады.

Атап айтсақ:

– кейбір лауазымды тұлғалар немесе билік органдары заңнан жоғары тұра алмайды немесе жан-жақты құзыреттілікке ие бола алмайды, яғни, бассыздыққа бара алмайды.

– Құқық үстемдігі доктринасы нормалардың жарық көруін, тұрақты болуын және қолданылуы тұрғысынан болжау мүмкіндігін беретіндей болуы керек.

– Ол әділ сот төрелігі жүйесінің қол жетімді болуын, оның биліктің атқарушылық және заңнамалық салаларынан тәуелсіз болуын, сөйтіп, соттар тек деректер мен заңдарға ғана сүйеніп шешім шығаруын талап етеді.

– Доктринаның қазіргі нұсқасында сондай-ақ, қоғам мүшелері өздерінің мінез-құлқын ретке келтіретін заңдарды жасауға және өзгертуге қатысу мүмкіндігіне қол жеткізе алуы керек.

Халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әр түрлі мемлекеттердің саясаткерлері мен ғалымдарының құқықтық үстемдік құру идеясын дамыту бойынша қысқаша сараптамалық шолуы 2011 жылдың 25-26 наурызында өткен Венеция комиссиясының 86 пленарлық мәжілісінде қабылданған «Құқықтың үстемдігі туралы» баяндамасында берілген. Баяндаманың қажеттілігі «Rule of law», «Rechtsstaat» және «Etat de Droit» концепциясы мән-мәтініндегі «құқық үстемдігі» ұғымының әр түрлі мағынада түсінілетіндігімен және оның жалпы сипатқа ие болып, нақтылықтан айырылуымен байланысты. Дәл осы мәселе аталмыш баяндаманың мақсатын көрсетеді, ол – жоғарыда аталған әр түрлілікті барынша азайту, «құқықтық үстемдік» ұғымына және оның негізгі элементтеріне ортақ анықтама беру.

Осы мақсатқа жету үшін Венециялық комиссия өз баяндамасында келесі қағиданы атап өтуді жөн көрді. Атап айтсақ:

—  «құқық үстемдігі» ұғымы «адам құқығы» және «демократия» ұғымдарымен қатар Еуропа Кеңесінің негізін құрайды;

—  билік пен жеке адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынасты іске асыру құқық үстемдігінің пәні болып табылады;

—  «құқық үстемдігі» ұғымы процессуалдық (формалдық) қана емес, сондай-ақ, материалдық (субстантивті) мазмұнды да қамтиды;

—  формалды ғана емес, сондай-ақ, материалдық сипатқа ие «құқық үстемдігі» ұғымының басты әмбебап элементі ретінде заңдылықты, құқықтық анықтылықты, бассыздыққа жол бермеуді, тәуелсіз және әділ сотқа қол жетімді болуды, адам құқығын сақтауды, кемсітушілікке жол бермеуді және заң алдында тең құқыққа ие болуды атауға болады.

Құқықты қорғаудың тиімді тәсілдерінің болуы құқықтық үстемдікпен қамтамасыз етуге қажетті басты талаптардың бірі болып табылады.  Жалпылап айтар болсақ, құқықтық қорғау тәсілі дегеніміз қандай да бір құқықты растау тәсілі. Кейбір адамдар бұл қағиданы былайша көрсетеді: «құқықтық қорғау тәсілінсіз құқық жоқ». Тағы біреулері — «құқықтық қорғау тәсілі болса, құқық та болады» деп көрсетеді.

Халықаралық деңгейде бұл қағида мемлекеттер тарапынан адам құқығын қорғаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Мысалы, БҰҰ азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пактісінің 2 бабының 3 тармағында былай делінген:

Аталмыш Пактіге қатысушы әр мемлекет:

а. Аталмыш Пакт бойынша мойындалған бостандығы мен құқығы бұзылған әр тұлғаны, тіпті бұл құқықты ресми түрде әрекет ететін адамдар бұзса да құқықтық қорғаудың тиімді тәсілімен қамтамасыз етуге;

b. мұндай қорғауды талап ететін кез-келген адамға қатысты құқықтық тұрғыдан қорғалу құқығын мемлекеттік құқықтық жүйе арқылы анықталған құзырлы сот, әкімшілік немесе заңнамалық органдардың анықтауына мүмкіндік тудыруға және сотта қорғау мүмкіндігін дамытуға;

с. Құзырлы органдардың қажет болған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана алуына жағдай жасауға міндетті.   

Құқықтық үстемдік қағидасының мазмұндық (процедуралық емес) қағидалары формалды түрде болса да Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 бабы, 1 тармағы бойынша  Конституцияға сәйкес адамның құқығы мен бостандығы мойындалады және оған кепілдік беріледі. Бұл тұжырымдама бойынша Қазақстандағы адам құқығын Конституцияны қабылдайтындар анықтайды. Осыған байланысты адам құқығының жеке құндылық екендігін, оның заң шығарушының еркі мен көзқарасына байланысты еместігін айта кеткен орынды.

Конституцияда, сондай-ақ, құқықтық үстемдіктің келесі құқықтық кепілдемесі берілген:

– Барлық адам заң және сот алдында тең құқықты (14 б.1 т.).

– Әр адам сотта өзін, құқығын және бостандығын қорғау құқығына ие (13 б.2т.).

– адамның құқығы мен бостандығы әр адамға туыла салысымен беріледі, ол абсолюттік және ажыратылмайды, ол заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданысын анықтайды (12 б. 2 т.).

– Әр адам өзінің құқықтық субъект ретіндегі құқығын басқаларға мойындатуға және өз құқықтары мен бостандығын заңға қайшы келетін барлық тәсілдердің көмегімен қорғауға, сондай-ақ, қажетті қорғаныс жасауға құқылы (13 б. 1 т.).

– Еш адамды шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, наным сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға қатысты кемсітуге жол жоқ (14 б. 2 т.).

– Сот шешімінен басқа еш жағдайда адамды мүліктік құқығынан айыруға болмайды. Заңда қарастырылған кейбір жағдайлар бойынша мемлекеттік қажеттілікке сай адамды мүлкінен күшпен айыру оны қайта төлеп беретін жағдайда  ғана іске асады (26 б. 3 т.).

Баяндаманың тақырыбына қайта орала отырып, адам құқығын қорғау тетігі туралы мәселе, сондай-ақ, құқықтық үстемдікпен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отырғандығын айта кеткен жөн. Көріп отырғанымыздай, конституцияда біршама қомақты құқықтық кепілдіктердің тізімі берілген, сондықтан, адам құқықтарын қорғайтын және қалпына келтіретін билік институттары жөнінде әңгіме қозғайтын кез келді.

Тағы да Конституцияның нормасына көбірек сүйене отырып, қорғаудың келесі институционалдық тетіктерін атап көрсетуге болады:

1)    Президент

2)    Парламент

3)    Сот

4)    Конституциялық Кеңес

5)    Адам құқығы жөніндегі уәкіл  

6)    Прокуратура  

Мен бұл тізімге адвокатура және ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссияны енгізбедім. Адвокатура адам құқығын сақтау мен қорғау мәселесінде басты субъект болып табылады,  алайда ол құзыреттілікке ие билік органы болмағандықтан оның мәртебесін қолдау көрсететін көмекші ретінде сипаттауға болады. Шын мәнінде, адвокаттар көмекшілер болып табылады. Президент жанындағы Комиссия консультативтік-кеңес беру органы болып табылады алайда, оның шағымдарды қабылдап, оны шешетін құзыреті жоқ, дегенмен, адам құқығын сақтау саласында Президент пен Үкіметке арналған ұсыныстарды жасау бойынша өз міндетін орындауда.

Сонымен, тізімде көрсетілген субъектілерді адам құқығын қорғауға арналған іс-әрекеттің тиімділігі көзқарасы тұрғысынан сипаттап көрейік.

Президент.

Конституцияның 40 б. 2 т. сәйкес Президент халық пен мемлекеттің бірлігінің, Конституцияның баяндылығының, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының символы және кепілі.

Қазақстан жағдайында президент қарапайым азамат үшін барлық билікке ие болса да, президентке жолдаған адамдардың өтінішін құқықтық қорғаудың тиімді тәсілі деп атауға болмайды. Әдетте, президенттің атына жазылған хаттарды құзырлы органдарға жібереді. Кейде бұл хаттар үстінен шағым түскен құзырлы органдарға қайта айналып келіп жатады. Әрине, формалдық тұрғыдан қарағанда Қазақстан сот төрелігі тәуелсіз, демек, сот шешіміне әсер ету мүмкін емес. Алайда, біз президенттің кімді де сотқа шақыра алатынын білеміз.

Құқық пен бостандық тұрақтылығының кепілі болу мүмкін емес, ал Махатма Ганди, тіпті болмағанда Вацвел Гавел сияқты оның символы болуға тырысу керек.Тіпті мұндай жағдайдың өзінде ол туралы конституцияға жазу әдептілік емес.

Шын мәнінде ол Президенттің мәселесі емес, ол тек президенттің қызметін Конституция мәтінінде дұрыс көрсетпегенді білдіреді. Ешкімді ештемеге міндеттемейтін декларацияны көрсеткенше, президент адам құқығын қорғау және іске асыру саясатын жүргізеді деу көңілге қонар еді.

Парламент – Конституцияның 49 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті заңнамалық қызметті атқаратын Республиканың жоғарғы өкілдік органы.

Парламент сайлау арқылы сайланатын депутаттардан тұрады. Осылайша, теориялық тұрғыдан Парламент адам құқығын қорғайтын заңдарды қабылдай отырып, Қазақстанның жеке адамдарының болмаса дағы барлық халқына ортақ мәселелерді шеше алады. Алайда, Қазақстанда өтіп жатқан сайлауды халықаралық ұйымдар демократиялық деп санамайды, ал, билікті бөлу қағидасы (билік салаларын өзара басқару мен олардың құзыреттілігін тепе-теңдікте ұстау) жұмыс істемейді, бұл аталмыш билік институтының дербестігін жоққа шығарады.

Барлығымызға белгілі, Парламент пен депутаттар заңнамалық бастамаға қатысты толық құқыққа ие емес, олар Үкімет пен Президентке тәуелді. Мысалы, Конституцияның 61 бабының 6 тармағына сәйкес –

«6. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды көбейтуді қарастыратын заң жобаларын ол туралы Республика Үкіметі оң баға берген жағдайда ғана енгізуге болады. Республика Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде Парламент Мәжілісінде қарастырылатын заңнамалық актілердің жобасы үшін  мұндай қорытынды бағалар қажет етілмейтіндігін»  айтса да жеткілікті.

Сот – Конституцияның 76 б., 1 тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасы атынан іске асады және оның міндетіне азаматтар мен ұйымдардың құқығын, бостандығы мен заңды мүддесін қорғау, сондай-ақ, Конституцияны, заңдарды, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Республиканың халықаралық келісім шарттарын орындауды қамтамасыз ету жатады.

Тиімділікке әсер ететін сот жүйесінің мәселелері толып жатыр, алайда, оның бастысы саяси тәуелсіздіктің болмауы.

Конституцияның 82 бабына сәйкес  –

1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының төрағасы мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынысына сүйене отырып, Сенаттың ұсынуымен Республика Президенті тағайындайды.

2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағасы мен судьяларын бұл лауазымға Жоғары Сот Кеңесінің ұсынысымен Республика Президенті тағайындайды.

3. Конституциялық заңға сәйкес соттарда сот коллегиясын құруға болады. Сот коллегиясының төрағаларына берілетін құзыреттілікті конституциялық заңға сүйене отырып анықтайды.

4. Жоғары Сот Кеңесі Президент сайлаған Төрағадан және басқа да тұлғалардан тұрады.

2008 ж. 17 қарашасындағы № 79-IV «Қазақстан Республикасы Жоғары Соты туралы» заңының 3 бабына сәйкес Кеңес Президент тағайындап, Президент орнынан ала алатын Төрағадан, хатшыдан және басқа да кеңес мүшелерінен тұрады.

Осылайша, көріп отырғанымыздай, судьяларды Президенттің толық саяси бақылауымен тағайындайды және сайлайды. Бұл Қазақстан Конституциялық құрылымының ерекшелігі, алайда бұл институт ретінде сот жүйесінің тиімділігін азайтпайды.

Бұдан да басқа мәселелер баршылық. Бұл соттардың жұмысбастылығына байланысты. Соңғы бес жылда Қазақстанда қозғалған азаматтық істердің көлемі 40%-ға өсті. Соттағы істердің саны үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының өзінде 15%-ға көбейді. Қазіргі кезде бір сот бір айда 60 іс қарау керек болса, Алматы мен Астанада одан да көп – 150[1]!  Мұндай жағдайда сот төрелігінің сапасы жөнінде айтудың да қажеті шамалы. Демек, жылына соттың шешіміне байланысты 90 мыңдай шағым келіп түсуі еш негізсіз емес.

Сондай-ақ, Қазақстанда енгізілген ақсақалдар сотының ойлағандай болмай жатқандығын да айта кеткен жөн сияқты, себебі, мемлекет істі қарап жатқан және ақсақалдардың үкімді талқылауына қатысып отырған судьяның көмегімен «үрдісті бақылауын» еш қояр емес.

Соттардың жұмысын азайтып, оларға деген сенім мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесі бойынша дүниежүзі тәжірибесінде қаншама тәсілдер бар, алайда, еліміз бұл мәселені шешуге аса құлшыныс білдіріп отырған жоқ. Ал оның неге әкелетінін біз бәріміз жақсы білеміз. Мысалы аралық соттарға неге көбірек құзыреттілік бермеске? Осылайша жасау арқылы жай соттардың жұмысын азайтып, сот төрелігінің сапасын арттыруға болар еді. Қалай дегенмен де, қазіргі саяси құрылымда бұлай жасау мүмкін емес деп ойлаймын.

Конституциялық Кеңес

1995 ж. 29 желтоқсаны № 2737 «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫНЫҢ 1 бабына сәйкес Конституциялық Кеңес дегеніміз республиканың барлық аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. 

Конституциялық Кеңесті құру өз кезегінде артқа қарай жасаған қадаммен бірдей болды, себебі, Қазақстан Республикасының Конституциялық соты қысқартылды. Конституциялық кеңестің қысқартылуымен қатар азаматтар өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігінен де айырылды. Осыған қарамастан, Конституцияның 78 б. сәйкес, азаматтар Конституциялық кеңеске жүгіне алады, алайда бұл адам құқы емес, керісінше, судьялардың еркіне тәуелді болу болып табылады.

Кеңестің саяси тұрғыдан тәуелді болуы кей жағдайда шешім қабылдау кезінде дәйексіздікке алып келеді, мысалға Жаңаөзен қаласында болған Төтенше жағдайлар кезінде сайлау өткізу мүмкіндігінің болғандығын айта кету керек. Сондықтан, Кеңес азаматтардың шағымын қарау құзыретіне ие бола алмайды, сондай-ақ, саяси ықпалы теңестірілмей, ол құқықтық қорғау үшін тиімді тәсіл бола алмайды.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл –

 Адам құқығы жөніндегі уәкіл  дегеніміз адам мен азаматтың құқығын қорғау ісін жүзеге асыратын, адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін өзіне берілген құзыреттілік шеңберінде шаралар қабылдайтын лауазымды тұлға.

[2]Заң шеңберінде қабылданған тәртіп бойынша уәкіл:
1) Аталған ереженің 18 тармағында көрсетілген жағдайдан басқа кезде лауазымды тұлғалар мен ұйымдардан шағымды қарауға қажетті ақпаратты талап етуге;
2) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар басшылары мен басқа да лауазымды тұлғалардың қабылдауына еш бөгетсіз кіре алуына;
2-3) Қазақстан Республикасы, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың шағымын қарау нәтижесі бойынша, сондай-ақ, басқа жолмен олардың құқықтары мен бостандығының бұзылғандығы жөнінде ақпарат алған жағдайда Парламент палатасына осы мәселелер бойынша парламенттік тыңдалым ұйымдастыруын талап етуге;
2-4) адам құқығы жөніндегі халықаралық ұйымдар мен басқа да үкіметтік емес құқыққорғау ұйымдарының жұмысына қатысуға;
3) шарттық негізде адам мен азаматтың құқығы бұзылғандығына байланысты орын алған жайларды анықтап, қорытынды шешім дайындау үшін ұйымдар мен мамандарды сарапшылық және кеңес беру жұмысына тартуға;
4) адам мен азаматтың бұзылған құқығы бойынша шара қабылдауға;
5) қызметтік куәлікті көрсету арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, соның ішінде, әскери бөлімдер мен құрамалардың аумағына кіруге, орналасуға, бостандығынан айыру мекмелеріне барып, онда жазасын өтеп жатқандармен кездесуге;
6) құзырлы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға адамдар мен азаматтың құқығы мен бостандығын бұзған лауазымды тұлғаларға қарсы тәртіптік немесе әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде өтініш білдіруге;
7) бұқаралық ақпарат құралдарында жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша хабарлама беруге құқылы.

Уәкіл Президенттің, Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның депутаттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңестің, Бас Прокуратураның, орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы соттарының іс-әрекеттері мен шешіміне қатысты келіп түскен шағымдарды қарастырмайды[3].

Көріп отырғанымыздай, Уәкілдің құзыреттілігіне байланысты қомақты тізімге қарамастан оның іс-әрекеті ол қарастырмайтын шағымдармен шектеледі. Сондай-ақ, мұндай органды «Президенттің» қол астында ұйымдастыру оның іс-әрекетін де, тиімділігін де шектейді. Осыған байланысты, аталмыш институттың «адам құқығын қолдап, қорғаумен айналысатын ұлттық мекеменің мәртебесіне қатысты қағидаға [Париж қағидалары][4]»  сәйкес келмейтіндігі туралы бірнеше мәрте пікір айтылған еді.

 Прокуратура

 Конституцияның 83 б. сәйкес –

1. Прокуратура мемлекеттің атынан Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен жарлықтарының және басқа да Республика аумағындағы нормативтік-құқықтық актілердің тура және біржақты қолданылуын, жедел іздестіру іс-әрекетінің, тергеу жүргізудің, әкімшілік және атқарушылық әрекеттердің заңдылығын қадағалайды, заңдылықтың бұзылу жағдайын анықтап, оларды жою үшін іс-шаралар қабылдайды, сондай-ақ,  Конституция мен Республика заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге қарсы шығады. Прокуратура заңмен бекітілген тәртіпке сай және тәртіп шеңберінде мемлекеттің мүддесін  сотта қорғайды және қылмыстық іс қозғайды.

2. Республика Прокуратурасы төменгі сатыдағы прокурорлардың жоғарғы сатыдағы және Республиканың Бас Прокурорына бағынуын қамтамасыз ету  арқылы бірыңғай орталықтанған жүйені құрайды.  Ол өзінің уәкілеттігін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан тәуелсіз іске асыра алмайды, ол тек Республика Президентіне ғана есеп беруге міндетті.

Прокуратураның іс-әрекетінің негізінде әсіресе «мүдделер қайшылығы» деген ұғымның мағынасын нақты байқауға болады. Тергеудің, жедел іздестіру департаментінің іс-әрекетінің заңдылығын бір уақытта бақылап, сотта айыптаушыларға қолдау көрсетіп, азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Орган ретінде прокуратура ісінің тиімділігін қамтамасыз етудің басты шарты аталған қайшылықты жою.

Ұсыныстар

 Қазақстан құқықтық жүйесіндегі құқықтық үстемдік қағидасын іске асыруды қамтамасыз ету

Қолда бар мүмкіндіктер мен міндеттемелерді қолдана отырып, Президенттің адам құқығын сақтау қызметін ретке келтіру; бұл қызметтер әділ түрде өлшенуі, қол жетімді болуы және іске асуы керек.

Сот, конституциялық кеңес, адам құқығы жөніндегі уәкіл сияқты органдардың құрылуы олардың саяси тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, тыю және қарама-қарсылық жүйесіне негізделуі керек.

Жалпы соттардың жұмыстарын азайтып, қоғам сенімін арттыру мақсатымен аралық сот сияқты әділ сот төрелігі мен таластарды шешудің балама институттарын дамыту керек.

Мүдделердің қайшылығын жою мақсатымен Қазақстан Республикасы прокуратурасында реформа жүргізу керек.

[1]Қараңыз. «Қазақстандық соттар тұрмыстық және қылмыстық істердің астында қалды». http://www.zakon.kz/kazakhstan/4566995-kazakhstanskie-sudy-zavaleny-bytovymi-i.html

[2] 2002 ж. 19 қыркүйектегі N 947 «Адам құқығын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындай туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 15 б. [3]Сонда. 18 бап.

[4] Көріңіз. адам құқығын қолдап, қорғаумен айналысатын ұлттық мекеменің мәртебесіне қатысты қағида [Париж қағидасы]. 1993 жылдың 20 желтоқсанындағы Бас Ассамблеяның  48/134 резолюциясының қосымшасы. http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/paris.shtml

Астана қ., 19 шілде 2013 ж.

Конституцияның 82 бабына сәйкес  

[2] 2002 ж. 19 қыркүйектегі N 947 «Адам құқығын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындай туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 15 б.

[3]Сонда. 18 бап.

[4]Көріңіз. адам құқығын қолдап, қорғаумен айналысатын ұлттық мекеменің мәртебесіне қатысты қағида [Париж қағидасы]. 1993 жылдың 20 желтоқсанындағы Бас Ассамблеяның  48/134 резолюциясының қосымшасы.http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/paris.shtml

Сендер түсініктемені немесе сілтемені , сіздің сайтыңызға қалдыру білесіңдер.
Скачать игры бесплатно торрентом, скачать торрент игры - скачать hearts

Қалдыр түсініктеме

Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru