wordpress themes.

Құқықтық саладағы азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы, әділ сот төрелігі жағдайындағы сот билігі мен адам құқығы мәселесі

Зауреш Батталова – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті

ҚР СІМ жанындағы «адами өлшемдер жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес беру органының мәжілісінде сөйлеген сөзі (ККБО АӨДА)

 

Әмбебап мерзімдік шолу  шеңберінде жасалған бірқатар балама материалдарда (2009 жылы Қазақстан Сорос Қорының қолдауымен белгілі құқыққолдаушы Е.А. Жовтистің жетекшілігімен дайындалған) және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пактіні іске асыру жөніндегі баяндама мен материалдарда (БҰҰ  АҚжЖКБ техникалық қолдауымен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту Қорының» жетекшілігімен 2009 және 2010 жылдары дайындалған) Қазақстандық құқыққорғау ұйымдары өз ойын білдірген Қазақстандағы әділ сот төрелігіне көпшіліктің қол жетімді болуы жөніндегі кейбір мәселелер бойынша өз ойыммен бөлісуге мүмкіндік берілгені үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.

Қазақстанда басқа да көптеген елдер сияқты көпшілік үшін әділ және қол жетімді әділ сот төрелігімен қамтамасыз ету мәселесі орын алуда. Азаматтардың көбі соттарға сенбейді. Таластарды ретке келтірудің басқа тәсілдері мүлдем жоқ.

Қазақстан адам құқығы жөніндегі халықаралық келісімшарттардың көбін бекітті, алайда, ұлттық заңнамалар қабылданған халықаралық-құқықтық міндеттемелерге сәйкестендірілген жоқ. Яғни, заңнамалар мен құқыққолдану тәжірибесі құқықты тиімді қорғау тәсілі мен тәртібімен  жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алмай отыр.

Мемлекет заңнама мен құқыққолдану тәжірибесінде адам құқығы мен бостандығы саласында халықаралық құқықтың іргелі қағидаларын қолданып отырған жоқ, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот және т.б. қабылдаған көмекші құжаттарды қолданбайды.

«Адам құқығы мен бостандығы саласындағы заңнама екіұшты және тілі нақты емес, сондықтан, ол билікке заңның кез келген ережесін мақсаттылық қағидасының субъективтілігі тұрғысынан, сілтемелік нормалардың көптігі тұрғысынан, заңдық нақтылық пен алдын ала болжай білу қағидасына сәйкестендірмей түсіндіруіне мүмкіндік беріп отыр».

Құқыққолдану тәжірибесінде билік өкілдері кей кезде халықаралық нормаларға ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттің қолданыстағы заңнамасы мен Конституциясына сәйкес келмейтін заңның қосымша актілеріне (нұсқаулықтар, ережелер, кеңестер) сүйенеді.

2008 жылы Қазақстан Жоғары соты халықаралық келісімшарттардың нормаларын қолдану жөнінде Нормативтік қаулы қабылдады, алайда, іс жүзінде соттар қабылданған халықаралық актілердің нормаларын қолданбайды.

Қазақстандық соттар «Конституцияның нормалары, соған сәйкес келетін заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттық нормалар және Республиканың басқа да міндеттемелерінің нормалары, сондай-ақ, Конституциялық Кеңес пен Республиканың Жоғары сотының нормативтік қаулысы Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы норма болып табылады» (4 баптың 1,3 тармақтары) деп атап көрсететін Конституция нормасын үнемі дерлік қолдана бермейді.

Сондай-ақ, Республика мақұлдаған халықаралық шарттардың елдің заңдарымен салыстырғанда басымдылығы бар екендігі ескерілмейді және ол халықаралық шарттарды қолдану үшін жаңа заң жасау қажет болған жағдайда ғана қолданылады.

Атап айтсақ, соттар әр адамның өзі мен оның отбасы үшін жеткілікті өмірлік деңгейге қол жеткізу құқығын мақұлдайтын халықаралық құқықтардың нормаларын қолданбайды (ЭӘМҚХП 11 б. 1 т., 2 б. 1 т). Қазіргі кезде Қазақстан мемлекеті Пакт бойынша ҚР азаматына қажетті өмірлік деңгеймен қамтамасыз ететін заңнамалық және саяси шараларды қолдану жөніндегі БҰҰ алдындағы міндеттемелерін орындап отырған жоқ.

ҚР Конституциялық Кеңесінің «ҚР Конституциясының 54 бабының 7 тармақшасын ресми түрде түсіндіру туралы»  18.05.2006 ж. №2 Қаулысы алаңдатушылық туғызады. Мысалы, аталмыш Қаулының дәлелдеу бөлімінде Конституциялық Кеңес халықаралық құқықтар жөніндегі 1969 ж. Вена конвенциясы «шарттардың орындалу тәртібін анықтамайды. Бұл мемлекеттердің конституциялық және заңнамалық айрықша құқығына қатысты емес және жалпы мақұлданған халықаралық құқық қағидасынан – мемлекеттердің егеменді теңдігінен бастау алады» деп көрсететін өзінің 11.10.2000 ж. №18/2 Қаулысына сілтеме береді. Ары қарай, «осыған байланысты Конституциялық Кеңестің пікірінше, Қазақстан Республикасы бекітілген тәртіп бойынша халықаралық шарттарды немесе Ата Заңның 4 бабының 2 тармағына сәйкес Республика аумағында жоғары заңдық күші бар Республика Конституциясына қайшы келетін халықаралық шарттың кейбір ережелерін қабылдайтын болса, Конституцияға сәйкес келмейтін ондай келісімшартты немесе оның бөлімдерін орындауға тыйым салынады». Соңында, аталмыш Қаулының резолютивтік бөлімінде Конституциялық Кеңес «…4. Халықаралық шарттар мен Республика Конституциясына қайшы келетін олардың кейбір ережелерін Қазақстан Республикасы қабылдаған жағдайда ондай шарттар мен олардың Конституцияға сәйкес келмейтін тармақтары орындалмайды» деп көрсетеді.

Конституциялық Кеңестің мұндай шешімі, біздің пікірімізше, халықаралық шарттар құқығы жөніндегі 1969 ж. Вена конвенциясына, атап айтсақ, Конвенцияның 27 бабына қайшы келеді. Онда «аталмыш шартты орындамау мақсатымен қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқының ережелеріне сілтеме бере алмайды» делінген.

Сондай-ақ, Қазақстан соттары экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пактінің нормаларын қолданбайды. Ол нормаларда былай делінген:

(11 баптың 1 тармағы) «Аталмыш пактіге қатысушы мемлекеттер әр адамныңжеткілікті деңгейде тамақтану, киіну, тұрғын жайға қол жеткізу, өмір сүру жағдайын тұрақты жақсарып тұру сияқты өзі мен отбасы үшін жеткілікті өмір сүру құқын мойындайды. Қатысушы мемлекеттер бұл тұрғыдан алып қарағанда еркін келісімге негізделген халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындай отырып, қажетті шараларды қабылдайды».

(2 баптың 1 тармағы) «Бұл пактіге қатысушы әр мемлекет өз бетімен және халықаралық көмек пен ынтымақтастыққа сүйене отырып, атап айтсақ, экономикалық және техникалық салалардағы ынтымақтастықтың көмегімен қолда бар қорды пайдалана отырып, аталмыш Пактіде қуатталған құқықтарды әр түрлі тәсілдердің көмегімен, сондай-ақ, заңнамалық шаралар қабылдай отырып іске асыруға міндетті».

Алайда, Қазақстан Конституциясы ішкі заңнамалар мен құқыққолдану тәжірибесінде қолжетімді тұрғын үй құқығының құқыққорғау актілері мен халықаралық стандарттарға сай мекен жайынан мәжбүрлеп шығарудан қорғау мәселесін есепке алмайды.

Конституция мәнмәтінінде тұрғын үйі, жері және басқа да мүлкі ең алдымен халықтың аз қорғалған тобын ерекше қорғауды талап ететін және тұрғын үйді қоғамдық игілік ретінде қабылдайтын адам құқығы ретінде емес, керісінше, нарықтық тауар ретінде қабылдайтын үрдіс қабылданған.

Конституцияның құқықтық тұрғыдан жетілмегендігінің нәтижесінде Қазақстанның ішкі заңнамасында халықаралық құқыққорғау стандарттары бойынша талап етілетін тұрғылықты жерінен мәжбүрлеп шығаруға тыйым салу мен мәжбүрлеп шығарудан қорғау бойынша заңдық рәсімдеу үлгісі жоқ. Сондай-ақ, онда «мәжбүрлеп шығару», мәжбүрлеп шығарудан қорғау құқығы», мәжбүрлеп шығаруға тыйым салу» сияқты халықаралық ұғымдар  берілмеген.

Сот шешімімен тұрғылықты жерінен мәжбүрлеп шығару мүмкіндігі жөнінде айтылатын «Атқарушылық әрекеті мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» деп аталатын ҚР Заңының 68-1 бабы Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді.

Халықаралық құқықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын Пакт ережелерін түсіндіру кезіндегі жалпы реттегі Ескертпелерді жасай отырып, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі БҰҰ Комитеті қол жетімді тұрғын үй құқығының халықаралық стандарттарын нақты анықтап берді.

Атап айтар болсақ, жалпы реттегі  №4 (1991) Ескертпеде «тұрғын үй құқығын тары, шектеулі мағынасында түсіндіруге болмайды. Оны ең алдымен қауіпсіз, бейбіт жағдайда абыроймен өмір сүру құқығы деп қарастырған жөн…» деп көрсеткен.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Комитет  1997 ж. қабылданған №7 жалпы реттегі ескертпеде мәжбүрлеп тұрғылықты жерінен шығарудан қорғау саласына   нақты түсініктеме берді.

№7 Ескертпе мәжбүрлеп тұрғылықты мекен жайынан шығару қолжетімді тұрғын үй құқығын бұзу болып табылады, сондай-ақ, «адам құқығының өзара қарым-қатынаста және өзара тәуелді болатындығына байланысты адамдарды тұрғылықты жерінен мәжбүрлеп шығару көп жағдайда адам құқығының бұзылуына алып келеді» деген ережені мақұлдайды.

05.11.2009ж. ҚР Конституциялық Кеңестің №6 «Халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау жөніндегі ҚР Конституциясы 4 бабы нормаларын ресми талқылау туралы» деп аталатын Нормативтік қаулысында «Қазақстанда қолданылып жүрген құқықтарға халықаралық шарттармен қатар, Республиканың басқа да міндеттемелерін жатқызуға болады» (Конституцияның 4 бабы, 1 тармақ) делінген. Конституциялық Кеңес басқа міндеттемелер олардың туындауына себеп болатын халықаралық шарттар шеңберінде пайда болады және өз бетімен халықаралық шарттардан тыс олардың құрамдас бөлігі, атап айтсақ, логикалық мазмұндық (материалдық) немесе ұйымдастырушылық (процессуалдық) жалғасы болып табылады деп көрсетеді. Алғаш рет, аталмыш нормативтік қаулыда көрсетілген ережелерді сақтау арқылы ол шарттар қабылданған халықаралық құжатқа сай заңдық сипатқа ие болмақ. Алайда, ҚР ресми өкіметі ол құжаттың ұсынымдық сипатын бетке ұстап, аталмыш басшылық нұсқаулықтардың шартын қабылдаудан бас тартуда.

Осылайша, қазіргі кезде Қазақстан үкіметі тұрғылықты жерінен мәжбүрлеп шығарудан қорғауға қажетті барлық шараны қабылдауға міндетті болса да ол міндеттемені бұзып отыр, тіптен, мәжбүрлеп шығарудың бастамашысы болуда.

Астана қаласында орын алған халықаралық норманы бұзудың айқын көрінісі ретінде екі баланың анасы, азаматша Т.-ны ҚР мемлекеттік қызметкерлері – сот орындаушыларының мәжбүрлеп тұрақты мекен жайынан айыруын айтуға болады.

ҚР Парламенті Әкімшілік Басқармасының бастамасымен Астана қаласы, Алматы районының 15.10.2009 ж. шешіміне сүйене отырып,  2010 ж. 25 наурызында сот орындаушылары сот шешімінен кейін туған 4 (төрт) айлық баланы анасымен бірге тұрғылықты жерінен күштеп шығарып тастады.

Жағдайдың сорақылығы сол, Халықаралық пактілерді ғана емес, сонымен қатар, бала құқығы жөніндегі Конвенцияны, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі Конвенцияны және басқа да халықаралық-құқықтық құжаттарды қабылдаған ҚР Парламентінің құрылымдық бөлімі ананы күшпен шығаруға бастама болған.

Халықаралық міндеттемелерге қарамастан, Қазақстан Республикасы халықаралық стандарттарға сай келмейтін мәжбүрлеп мекен жайынан айыру саясатын жүргізуін жалғастыра беруде.

Біз келтірген мысалға қайта оралар болсақ, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық Пактіге қайшы келетін сот шешімінің нәтижесінде сот орындаушылары «заңды» мәжбүрлеп шығару мүмкіндігіне ие болды, ақырында, тыныштықты қажет ететін ана мен кішкентай сәби жапа шекті, бұл тұрғылықты мекен жайынан мәжбүрлеп шығару жөніндегі сот шешімін орындау тәртібіне сәйкес келмейді.

Бала құқығы туралы Конвенцияның 24 бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі аралықта ананың денсаулығын сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауы керек, ал күшпен шығарып тастау үшін жасалған шаралардан кейін анасы баласын емізе алмады, ал бала ауырып, тамақ жеуден қалды.

Құқыққорғау ұйымдарының пікірінше, жаңа туған баланы тұрғылықты жерінен мәжбүрлеп шығару адамшылыққа жатпайтын қарым-қатынас түріне жатады және 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданған Бас Ассамблеяның 44/25 резолюциясымен қабылданған бала құқығы туралы Конвенцияның 37 бабына қайшы келеді. Бұл Конвенция бойынша, еш балаға азаптау немесе басқа да қатыгез, адамшылыққа жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын жаза түрлерін қолдануға болмайды.

Қазақстан соттарында сондай-ақ банкіден қарыз алушылар да қорғау таба алмауда. Соттар банк келісім шарттарын жасау кезінде көрсетілген  құқықтар мен міндеттерді формалды түрде түсіндіру арқылы шындықты анықтап жатпастан, қарыз алушының мойнына миллиондаған теңге төлемақыны іліп қояды.

Соттар Кеңес дәуірінен бері келе жатқан кемшіліктерден әлі де арыла алмай отыр. Мұның дәлелі ретінде ипотекалық қарыз бойынша көптеген азаматтық істің Қазақстан соттарында қаралуын айтуға болады.

Қазақстан соттары әлі күнге дейін өз тәжірибесінде айыптау мен мәжбүрлеу жаза түрлерін қолдануда өздерінің басты қызметі – ҚР азаматтарының құқықтары мен заңды мүделерін қорғауды іске асырмай отыр.

Қарыз мөлшерін өндіріп алу жөніндегі оншақты азаматтық істерді талдау арқылы Қазақстан соттары істі толық және әділ шешуге деген тараптардың құқығын іске асыру үшін қажетті жағдай жасамай отырғандығын көрсетіп отыр.

Мысалы, «Қазкоммерцбанк» АҚ Н. деген азамат қарыз алғаннан кейін қатты науқастанып қалады (4 дәрежедегі обыр), 2 жылдан кейін дүниеден өтеді. Осыған қарамастан,  «Қазкоммерцбанк» АҚ барлық қарызды төлеуді оның жұбайынан, ұлынан талап етеді және қарыз алушының тұрғын үйін сату мүмкін екендігі туралы хабарлайды.

Азаматша А. – «Темірбанк» АҚ-нан қарыз алады. Кейіннен өрт салдарынан ол баспанасынан айырылады. Астана қ., Сары-арқа районы сотының шешімінен кейін банк алдындағы барлық қарызын өтеу үшін ақша табуы керек.

«Қазкоммерцбанк» АҚ азаматшаның жүктілік демалысында екендігін және оның бірден бір кірісі баланы күтуге берілетін жәрдемақы екендігіне қарамастан, алған қарызын қайтармады деп сотқа К-нің үстінен шағым түсіреді. Азаматша К. банкіден алған қарызын өтеу үшін жәрдемақыға алатын ақшаны банкіге аударуға дайын екендігін айтса да, сот бакіден алған ақшаны толығымен өтеп беруі туралы шешім шығрады, ал бұл баспанасын сатуға алып келмек.

Қазақстан соттарында жаңа талап ету арыздарын қарау кезінде халықаралық нормалар ғана емес, сонымен қатар, үшінші тараптың құқықтары мен мүдделері де есепке алынбайды.

Құқыққолдану тәжірибесі кемсітушіліктің орын алғандығы жөніндегі деректерге куәлік ететін құқықбұзушылыққа дұрыс заңды сипаттама беруден қашқақтайды. Ұлттық заңнаманың әлі де жетілмегендігі, кемсітушіліктің түрі мен тәсілдерінің заңды белгілеріне мән бермеушілік, нақты бір жағдайда кемсітушіліктің орын алғандығын талдауға мүмкіндік беретін нақты ежелердің болмауы жәбір көруші тараптың кемсітушіліктің орын алғандығын дәлелдеуіне мүмкіндік бермейді.

Кемсітушілік жөнінде келіп түскен шағымдарды қарайтын сот тәжірибесі жоқ, себебі көп жағдайда заңды кеңес беру орындары мен соттар шағым арызда кемсітушілікті жою жөнінде талаптар емес, керісінше, нақты бір құқықтың бұзылғандығы көрсетілуі керек деп есептейді. Сондықтан, ҚР соты құқыққолдану тәжірибесінің басқа салаларынан ерекшілігі қазірге дейін сот тәжірибесін жиынтықтау ісі жолға қойылған жоқ. Бұл, қазақстандық қоғамда кемсітушіліктің орын алуының алдын алудың басты құқықтық шарасы болуы мүмкін кез келген жағдайда кемсітпеушілік құқығының бұзылғандығы жөніндегі істерді қарастыратын Жоғары соттың нормативтік қаулысының жоқтығын білдіреді.

Бұл айтылғандар Қазақстанның сот жүйесінің заманға сай әрекет ету мүмкіндігінің жоқ екендігін, Қазақстан азаматтары және қоғамдық үкіметтік емес ұйымдар адам құқығын қорғау үшін Қазақстандағы сот төрелігі жүйесін қолданумен ғана шектеліп қалмауы үшін халықаралық құқықты ұлттық сот ісінде қолдану қажеттігін білдіреді.

Осыған байланысты, ҮЕҰ:

  • ҚР мақұлданған оның ішкі құқығына қатысты халықаралық шарттар нормасына  байланысты Ұлттық заңнама ережелерін Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкестендіру мақсатымен 18.06.2006 ж. «ҚР Конституциясының 54 бабы, 7 тармақшасын ресми түсіндіру туралы» ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысын қайта қарауды;

Адам құқығы саласындағы халықаралық құқық пен халықаралық стандарттардың басты қағидаларын қолдануға мүмкіндік туғыза отырып, адам құқығын қорғау мен қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңнама мен құқыққолдану тәжірибесін Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелеріне сәйкестендіруді ұсынады.

 

Астана қ., 20 маусым 2013 ж.

Сендер түсініктемені немесе сілтемені , сіздің сайтыңызға қалдыру білесіңдер.

Қалдыр түсініктеме

Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru