wordpress themes.

«ҚР қылмыстық заңнамасын реформалау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың көзқарасы»

«Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ Президенті

Айна Сергейқызы Шорманбаева

 

ҚР СІМ жанындағы «адами өлшемдер жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес беру органының мәжілісінде сөйлеген сөзі (ККБО АӨДА)

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ары қарай ҚР ҚК) жаңа редакциясы бойынша ҚР Бас прокуратурасының ұсынған жобасы бәрімізге белгілі болып отырғандай бірауыздан келісіліп, ҚР Үкіметіне ұсынылды. Алайда жаңа редакциядағы ҚР ҚК жобасын жасау үрдісі құқыққорғаушылар үшін жабық түрде өткізілді. Азаматтық қоғамның ұсыныстары мен пікірлері туралы тек конференцияларда, семинарларда және үкіметтік емес, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың ұйымдастырған сол сияқты іс-шараларда ғана жобаны жасаушының назарына ұсынылады. Осыған байланысты, азааттық қоғам қылмыстық кодексті жасау ісіне белсене араласу мүмкіндігінен айырылды деген қорытынды жасауға болады.

Әсіресе қорғалмаған тұрғындар тобының мүддесін білдіретін азаматтық қоғам құқықорғау ұйымдары мәселесіне келгенде қылмыстық-құқықтық реформаны жасауға және іске асыруға қатыса алады және қатысуы керек.

24.03.1998 N 213-I «Нормативті-құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 21 бабына сәйкес «қағаз және электронды тасымалдаушыларға жазылған нормативтік-құқықтық актілердің жобалары Мәжіліске мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберіледі».

«1997 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес келуі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентіне жіберілген жолданым туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылдың 8 мамырындағы N 10/2 қаулысын түсіндіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылдың 23 ақпанындағы №3 қосымша қаулысында былай делінген:

Қазақ және орыс тілдерінің теңдігі нормативтік құқықтық актілер мәтінің қазақ және орыс тілдерінің заңдық тұрғыдан тең маңыздылыққа ие екендігін білдіреді.

Конституциялық Кеңестің 2007 жылдың 14 ақпанындағы N 2 «адвокатура жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы» қаулысына сәйкес, «егер қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің сәйкес келмеуі құқықтық норманың тұжырымдамалық мазмұнын бұрмалап, оның біржақты түсінілуін қиындатар болса, онда ондай норма Ата Заңның 7 бабының 2 тармағына сәйкес қабылданған тәртіп бойынша Конституцияға сәйкес келмейді деп танылуы керек». Сондай-ақ, аталмыш қаулының 2 тармағында «Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін өзі басқару орындарында ресми орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданылады деген Конституциялық нормасы орыс тілі екінші мемлекеттік тіл мәртебесіне ие дегенді білдірмейді» делінген.

Біздің құқыққолдану және құқықтық түсінік тәжірибемізде қылмыстық, қылмыстық-процессуалық және басқа да кодекстер мен заңдардың ресми мәтіндерінде мұндай қайшылықтар толып жатыр және олардың саны аз да емес. Алайда, Парламент, Жоғары Сот, прокуратура сияқты басқа да ресми ұйымдардың бұл мәселеге еш көңіл аудармайтындығы бізге түсініксіз қалып отыр. ҚР Қылмыстық кодексін (ары қарай ҚК) және Қылмыстық-процессуалдық кодексін (ары қарай ҚПК) қабылдаған соңғы он бес жылдың ішінде   мұндай қайшылықтарды жою жөнінде қабылданған іс-шараларды байқамаппыз.

Түпнұсқалықтың болмауы, қазақ және орыс тілдеріндегі заң мәтіндерінің сәйкес келмеуі, оларды жасау кезінде орын алатын қателіктердің барлығы бұл тілдердің кедейлігінен болып емес, керісінше, мемлекеттік тілдегі заң мәтіндеріне жауапты тұлғалардың бұл мәтіндерге жеңіл желпі қарауынан туындап отырған жағдай. Бұл іске тартылған біліксіз мамандар қолда бар терминдердің өзін дұрыс қолдана алмайды. Алайда, Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде жазылған екі құқықтық жүйенің қатар өмір сүруі осылайша ат үсті қараудың басты жағымсыз нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайды тез арада түзету керек, сондай-ақ, жаңа редакциядағы ҚР ҚК, ҚПК, ҚАК және ӘҚБК жасауда ескерген жөн.

Өз ұйымымыз тарапынан ҚР ҚК жаңа редакциясына тұжырымдық ұсыныстарды ұсынғымыз келеді.

2010-нан 2020 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы құқықтық саясаты Тұжырымдамасында қылмыстық құқықты ары қарай дамыту ісі құқықтық саясаттың екі векторлығын еске ала отырып жүргізіледі делінген. Ізгілендіру ісі ең алдымен төменгі және орташа ауырлық дәрежесіндегі қылмысты алғаш рет жасаған, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған тобына – қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары бар жалғыз басты әйелдерге, аяғы ауыр әйелдерге, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты жүргізілуі керек. Сондай-ақ, ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп табылған тұлғаларға қатысты, сонымен қатар, қылмыстық тексеруден бас тасалап жүрген және қылмысты қайталап жасаған қылмыскерлерге қатысты бұдан былай қатал қылмыстық саясат жүргізу керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасы өзінің пайда болуы мен дамуының 15 жылын бастан өткерді. Қазір біз 1997 жылы мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес стратегиялық курсының қаншалықты дұрыс жасалғанын, оның қаншалықты дұрыс болғандығын, сол кезде қабылданған саяси нұсқаулардың және қылмыстық заңнамалардың құқықтық бастамаларының қаншалықты өміршең болғандығын және олар өздерінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жете алғандығы немесе алмағандығына баға бере аламыз.

Қолданыстағы қылмыстық заңнамалардың кемшіліктерінің себептерін сараптай отырып, негізгі себеп туралы айта кеткен жөн. Ол – құқыққорғаушылардың, қылмысты зерттеу және қылмыстық құқық ғылымдарының ұсыныстарына әдейі мән бермеумен байланысты. Заң жасау үрдісі саласынан қылмыстық құқық теориясы, криминология ғылымы және құқықтық қорғау әдісі алынып тасталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірқатар нормалары мен институттарын заңнамалық тұрғыдан реттеудің криминологиялық негізсіздігі жөнінде криминолог-ғалымдардың айтқан сыни ескертпелері өте орынды. Қылмыстық заңнама мен оны қолдау тәжірибесін ырықтандыру мен ізгілендіру тұрғысынан реформалауды қылмыс пен қылмыскерлердің әр тобын жеке қарамаған жағдайда криминологиялық болмыспен салыстыру мүмкін емес және олардың жеткілікті ғылыми негіздемесі жоқ.

Қылмыстық заңнаманың қазіргі жағдайы біріншіден, заңды өзгерту кезіндегі жүйеліліктің және қандай да бір басымдылықтың болмауымен, екіншіден, кейбір құқыққорғау ведомстволары мүдделерінің өзара қарым-қатынасының болмауымен, үшіншіден, құқыққолдану тәжірибесінің қағидалары мен мақсаттарын анықтау кезінде қоғамдық қордың шектеулілігіне көңіл бөлінбеуіне байланысты. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бірнеше мәрте өзгеріске ұшырады. Қылмыстық кодекске түзетулер енгізген 60-тан астам заң қабылданды, алғашқы өзгертулер мен түзетулер жаңа заң қолданысқа енгеннен кейін жарты жыл өткеннен кейін, 1998 жылдың шілдесінде енгізілді. Одан әрі Қылмыстық кодекске жыл сайын түзетулер енгізіліп отырды, ал кейбір жылдары кодекске түзету енгізуді қарастыру жөнінде бірқатар заңдар қатарынан қабылданды. Мысалы, Қылмыстық кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде 2002 жылы 5 заң, 2006 жылы 6, 2009 жылы 13 заң қабылданды.

Қабылданып жатқан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне қылмыстық әрекеттің деңгейі (қылмыс, қылмыстық теріс қылық) сияқты қылмыстық құқық институтын қызыл әріппен ойып жазып қою керек. Бұл дегеніміз, қандай да болмасын қосымша немесе қылмыстық заңнаманың классикалық институттарын жаңа редакцияға кіргізсе де, олар өз араларында қаншалықты үйлесіп жатса да, бірден бір (міндетті) шарт ретінде қылмыскер мен жазаланушының нақты (тепе-тең-барабар) деңгейі басты мәселе болуы керек.

Қылмыстың бағалаушылық белгілерін (елеулі зақым, басқа да зақым, ауыр зақым және басқа да ауыр салдарлар) ең төменгі деңгейге түсіру керек; Қылмыстық кодексті биліктің атқарушылық саласы жазады деген ой туындамас үшін қылмыстық-құқықтық нормаларды барынша нақтылау керек.

Сонымен қатар, қалыптасқан қоғамдық қатынастың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы, жаңа, бұрын ешкім білмеген қоғамдық қатынастар мен оларға қатысты пайда болған қауіп-қатерлердің пайда болуы қылмыстық-құқықтық қорғаудың қолданыстағы тетіктерін түзетіп қана қоймай, сонымен қатар, жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды құруды да талап етеді. Қазіргі қолданыста жүрген жүйелі мәселерді жай түзетіп қана шешу мүмкін емес.

2002 жылдың 20 қыркүйегіндегі № 949 құқықтық саясат тұжырымдамасында Қылмыстық заңды қорғауға арналған, адам мен азаматтың табиғи және ажыратылмайтын құқығы мен бостандығына негізделген әлеуметтік құндылықтардың жаңартылған иерархиясысы жасалынды; қылмыстық заңнама қағидаларының төменде көрсетілген жүйесі жасалды:

заңдылық, қылмыстық құқық мәнмәтініндегі заңдылықтың мақсаты қылмыс пен жазаны тек қылмыстық заң арқылы ғана анықтау керек;

азаматтардың заң мен сот алдында тең құқықтылығы, бұл қылмыс жасаған барлық азаматтардың олардың шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысы, нәсілі, ұлты немесе басқа да жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында тең құқықтылығын білдіреді;

айыптылық жауапкершілік бойынша қоғам үшін ауыр қылмыс жасаған және жасаған қылмысы қоғамға ауыр салдар әкелген, сондай-ақ, олардың кінәсі анықталған жағдайда ғана тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартады;

әділеттілік бойынша, соттар жасалған қылмыстың қоғамға туғызар қаупінің деңгейі мен сипатын, айыптының жеке басын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, әділ жаза тағайындауы керек;

қылмыстық-құқықтық репрессияны ізгілендіру және экономия қылмыстық заңнаманы қолдану барысында қылмыс жасаған тұлғалармен қарым-қатынас жасау, қорлау мен азаптаудың алдын алу ережелерін белгілейді; қылмыстық жауапкершілік пен жаза тұлғаны қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың заңдық негізі болмаған жағдайда ғана қолданылады, ал жасалған қылмысқа берілетін балама жазалардың ішінен жазаның ауырлау түрін таңдап алу одан сәл жеңілірек жаза қолданудың мақсатын толық ақтай алмайтын жағдайларда тағайындалады;

қылмыстық жауапкершілік пен жазаның қолданылмай қалмайтындығы (нөлдік толеранттылық) қылмыс жасады деп танылған әрбір адам қылмыстық жауапкершілікке немесе жазаға, сондай-ақ, басқа да қылмыстық заңнамамен қарастырылған басқа да шараларға тартылуы керектігін білдіреді. Бұл жағдайдың қылмыстық заңмен қарастырылған (дипломатиялық немесе басқа да иммунитеттер, қылмыстық-құқықтық мадақтау нормалары) кейбір жағдайларға қатысы жоқ;

Мемлекет және басқа да жәбірленуші тараптарға төлем ақы беру немесе олардың құқығын қорғау.

Аталмыш қағидаларды ҚР жаңа ҚК-нде белгілеп көрсету құқыққолдану тәжірибесіндегі соттардың тәуелсіздігі қағидасын, яғни, олардың Конституцияға бағыну қағидасын нығайтады; процессуалдық тәуелсіздікке қол жеткізеді.

Сондай-ақ, Қылмыстық кодексті Қазақстанда бекітілген халықаралық шарттарға сәйкестендірудің де маңыздылығы жоғары. Мұнда басты әңгіме декриминализациялау жөнінде ғана емес, сондай-ақ, керісінше болған жағдайда кейбір құқықбұзушылық түрлерін криминализациялау, сонымен қатар, экономикалық, экологиялық және жемқорлыққа қатысты қылмыс үшін заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде де болып отыр.

Азаматтарды қылмыстық әділет саласына тарту мен қылмыстық репрессия шараларын қысқарту мақсатымен қоғамнан алшақтауға қатысы жоқ қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдануға мүмкіндік тудыру керек.  Осыған байланысты заңнамада және сот тәжірибесінде жаңа тәсілдер ойлап шығарған жөн. Ол тәсіл бойынша қылмыстық-құқықтық әсер ету түрлері мен шаралары нақты бір жеке адамға қатысты тиімдірек әсер ететін мәліметтерге сүйенуі керек.

Заманауи Қылмыстық кодекс біріктіруші ой-пікірге негізделуі және жалпыадамзаттық құндылықтарға қызмет етуі керек. Осылайша, «адам құқығы мен азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі» табиғи дуализм «дуализмді» түсіндіру мен өзгертуді мойындалған халықаралық стандарттарға қарай ысырып қоюды маңызды деп санайтын Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде орын алып отыр.

 

Айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясы жобасын жасауда келесі жағдайлар ескерілгені жөн:

1. Қылмыстық кодекс Конституцияның нормаларына сәйкес келуі керек. Мұндайда ол регулятивтік, шектеу қою және ескерту бөлімдерін де қамтуы керек.

Қылмыстық кодекстің нормалары Қазақстанның халықаралық қылмыстық-құқықтық міндеттемелерінің (ескертпелермен бірге) үстемдігін ескеруі керек.

2. Аталмыш жобадағы қылмыстық кодексті жазу жүйесі мен оның құрылымын төмендегідей көрсетуге болады.

ҚК жалпы және ерекше бөлімдерге бөлу сақталған. Бөлімдерді (жалпы және ерекше бөлімдерді) құрылымдық тұрғыдан бөлімшелерге бөлген жөн. Бөлімшелердің тараулары болады. Тараулар пәні тұрғысынан жақын, реттеуге болатын және қол сұғушылық нысаны бойынша (ҚК ерекше бөлімінде) қылмыс пен қылмыстық шалыс басушылық салаларын біріктіретін болады.

3. ҚК жалпы бөлімінде негізгі және тұрақты құқықтық ережелер (талаптар) ретінде қылмыстық заңнамалардың қағидалары туралы айтылады, ал бұл қағидалар барлық институттар мен қылмыстық-құқықтық нормалардың негізі мен бағыты болады және қылмыстық құқықтың жалпы сипаты мен құрамын анықтайды.

4. ҚК жеке бабында а) жеке тұлғалар үшін; б) заңды тұлғалар үшін қылмыс ұғымының нақты анықтамасын берген орынды.

 

Бұл өз кезегінде жобаны дайындау бойынша орын алатын қажетсіз таластың алдын алуға, қылмыстық заңнамаға жаңа қосымша енгізуге септігін тигізеді. Олардың қатарында заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі, институттардың өзара қарым-қатынасы, заңды тұлғаларды қылмыстық жазалау шаралары, қылмыстық жаза басушылық бар.

5. ҚР ҚК жалпы бөліміне «қылмыстық құқықбұзушылық» терминін енгізу керек, ол термин өз кезегінде 1. қылмыс; 2. қылмыстық жаза басушылық деген екі салаға бөлінеді.

Бұлайша бөлу қоғамға қатысты туындайтын қауіп-қатердің сипаты мен деңгейіне байланысты орын алады.

Қылмыстық жаза басушылыққа төменгілерді жатқызуға болады:

– қасақана қылмыс жасау, мұндай қылмыс үшін ең жоғарғы жаза ретінде 2 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылады;

– байқаусыз жасалған қылмыс, ол үшін ең жоғарғы жаза ретінде 3 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған.

 

Қылмысқа төменгілерді жатқызуға болады:

– қылмыстық деңгейі орташа қылмыстар, қасақана жасалған қылмыстар, мұндай қылмыс түрлеріне ең жоғарғы жаза ретінде 5 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған;

– қылмыстық деңгейі орташа қылмыстар, байқаусыз жасалған қылмыстар, олар үшін ең жоғарғы жаза ретінде 10 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылады;

– ауыр қылмыстар, қасақана жасалған қылмыстар, олар үшін ең ауыр жаза ретінде 15 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған;

– асау ауыр қылмыстар, қасақана жасалған қылмыстар, олар үшін 15 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру, өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру, өмір бойы түрмеде қамау жазалары  қарастырылған.

 

6. ҚР жаңа ҚК-не заңнамалық тұрғыдан соттауды (қылмыстық жаза ретінде бас бостандығынан айыру) қарастырмайтын «қылмыстық жаза басушылық» деп аталатын жаңа институтты енгізетіндігін ескере отырып, соңғысына нақты анықтама беріп, әкімшілік құқықбұзушылық пен төменгі және орта деңгейдегі қылмыста қылмыстық жаза басушылықтың мазмұны мен формасының болу, болмауына тексеру жүргізу керек.

 

Қылмыстық жаза басушылық институтын ашу қазіргі қолданыста жүрген Қылмыстық кодекстегі әкімшілік преюдиция институтын жоюға (ҚР ҚК-нен алып тастауға) мүмкіндік береді.

7. Қылмыстық жаза басушылық үшін төмендегі жаза түрлерін қолдану керек:

Айыппұл салу;

Қандай да бір лауазымды атқаруға немесе қандай да бір әрекетпен айналысу құқығынан айыру;

Қоғамдық жұмыстарға тарту;

Түзету жұмыстары;

Тұтқындау;

Әскери қызметке шектеу қою;

Бостандығын шектеу;

Гаупвахтада қамау;

Мүлкін тәркілеу;

Арнайы, әскери немесе құрметті атағынан, таптық шенінен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік тобынан, мемлекеттік марапаттарынан, ғылыми атағынан және дәрежесінен айыру.

Аталмыш жаза түрлері жазаның ең жоғарғы мерзімінің тек ½-нде қолданылады.

Сотталу – құқықтық салдар деп қабылданбайды.

Қылмыстарға жазаның төменгі түрлері қолданылады:

Айыппұл салу;

Қандай да бір лауазымды атқаруға немесе қандай да бір әрекетпен айналысу құқығынан айыру;

Қоғамдық жұмыстарға тарту;

Түзету жұмыстары;

Тұтқындау;

Әскери қызметке шектеу қою;

Бостандығын шектеу;

Гаупвахтада қамау;

Мүлкін тәркілеу;

Арнайы, әскери немесе құрметті атағынан, таптық шенінен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік тобынан, мемлекеттік марапаттарынан, ғылыми атағынан және дәрежесінен айыру;

Бостандығынан айыру;

Өмір бойы бас бостандығынан айыру.

Өмір бойы түрмеде қамау.

 

8. Жалпы бөлімде қылмыс ұғымына анықтама беру керек, бұл анықтама айыпты тұлғаның іс-әрекетін ҚК жалпы және ерекше бөлімдерінде берілген қылмыстық-құқықтық нормалармен ғана емес, сондай-ақ, ҚР Конституциялық кеңесінің нормативтік қаулыларының тұжырымдамаларымен, ҚР халықаралық құқықтық міндеттемелерімен, ҚР халықаралық шарттық міндеттемелерімен және Жоғары Соттың нормативтік қаулыларымен (пленум, пленарлық мәжілісі) теңестіру керек.

9. ҚР ҚК 14 бабындағы «қылмыс субъектісі» деген ұғымның орнына «қылмыс субъектісінің жеке басы» атты ұғымды енгізу керек (профессор Қайыржанов Е.И.).

Бұл тәжірибеде бұрыннан бері келе жатқан терминді заңдастырады. Мысалы, тексеру мен алдын ала тексеру кезінде, соттың істі қарауы кезінде, сондай-ақ, «соттан кейінгі» істі қараудың қосымша сатыларында қылмыс жасаған адамның «әлеуметтік тұлғасы» басты назарда болуы керек. Мұнда негізгі мәселе төменде берілген тұлғалардың категориясы жөнінде болып отыр: төменгі және орта деңгейдегі қылмысты алғаш реет жасаған тұлғалар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалған тобы – аяғы ауыр әйелдер, қарамағында кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдер, кәмелетке толмағандар, жасы егде тартқан адамдар.

Бұл мәселенің де кері байланысы бар. Мысалы, «Бұлтартпас шарасын таңдау мен қосымша шектеулерді анықтау кезінде ескерілуі қажет жағдайлар» деп аталатын ҚР ҚК 141 бабында қандай бұлтартпас шараларды қолдану қажеттігін шешу кезінде аталмыш Кодекстің 139 бабында көрсетілген жағдайлардан басқа аталмыш Кодекстің 140 бабының екінші бөлімінде көрсетілген қосымша шектеулерді де есепке алу керек деген ереже қосылып жазылуы керек, сондай-ақ, тағылатын айыптың ауырлығын, айыпталушының жеке басы, оның жасы, ден саулығы жағдайы, отбасы жағдайы, айналысатын ісі, мүліктік жағдайы, тұрақты мекен жайы және басқа да жағдайлар есепке алынуы қажет. Сондықтан, ҚР ҚК 14 бабындағы «қылмыс субъектісі» деген ұғымның орнына «қылмыс субъектісінің жеке басы» атты ұғымды енгізу ақылға қонымды болар еді.

10. Заң шығарушылар екі жақтың бейбіт келісімге келіп, орын алған шығынның орнын толтыруға негізделген қалпына келтіру сот төрелігі жөніндегі жаңа институттарды біртіндеп енгізу керектігі жөнінде, сондай-ақ, соттағы қылмыстық тексеру мен айыптауды соттан тыс жағдайда, сонымен қатар, ашық сот жағдайында өткізу арқылы қылмыстық істердің категориясын кеңейту туралы соңғы кездері көптеп «айтып» жүр. Осылайша, келтірілген шығынның орнын 3 есе қылып төлететін жаңа институтты ашу керек. Аталмыш постулат 2009 жылдың 24 тамызында ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2010-нан 2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясаты Тұжырымдамасында көрсетілген қылмыстық-процессуалдық саясаттың нормативтік бағыттарымен сәйкес келеді.

Келтірілген шығынды 3 есе қылып өтеп берудің негізгі идеясы төмендегідей. Өтемақының бір бөлігін зардап шегушіге, бір бөлігін мемлекетке, қалған бір бөлігін сақтандыру қорына төлейді.

Жәбірленуші мәселесі түсінікті (ҚР ҚПК регламенттелген ережеге сәйкес).

Мемлекеттің «үлесі» де түсінікті, себебі, құқыққорғау жүйесіне, келтірілген шығынның орнын толтыруға байланысты мемлекеттік органдарға, мекемелерге, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғаларға  келген шығындар бар.

Үшінші бөлікке келер болсақ, бұл қылмыс орын алып, құрбан болғандар болған жағдайға қатысты. Алайда, қылмыскерді үнемі дерлік ұстап алу мүмкін емес. Демек, мұндай жағдайда ол адам жапа шегуші мәртебесінен жәбірленуші мәртебесіне ауысады. Ал жәбірленушілердің саны өте көп және олардың шығынын толтыру керек. Бұл дегеніміз, жәбірленушілердің шығынын сақтандыру қорлары төлеп береді деген сөз.

Жоғарыда аталғандар орнын толтыру қағидасына сай келеді.

12. ҚК жалпы бөлімін «қылмыстық жауапкершіліктен бас тартатын жағдайлар» деп аталатын жаңа тарауымен толықтыру. Қолда бар ҚК ережелерін төменгі жағдайлармен толықтыру:

– құқықтық қателік;

– өзін өзі билей алмаушылық;

– қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеу.

 

13. Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміне «Қылмыстық-құқықтық әсер ету шаралары» деп аталатын жаңа бөлім қосу. Бұл бөлім 1. Жаза; 2. Қылмыстық-құқықтық әсер етудің басқа шаралары деген тарауларға бөлінеді. Мұнда а) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары, б) тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары жеке-жеке енгізіледі.

14. ҚК жалпы бөліміне «түзету мен қауіпсіздік шаралары (қылмыс жасалғаннан кейінгі мінез-құлық)» атты жаңа бөлімді енгізу, яғни, превентивтік шаралары туралы сөз болып отыр. Қылмыстық-құқықтық санкциясының қосымша жүйесі іс-әрекеттер мен субъектіге және кінәға жағымсыз баға бермейді.

Бұл шаралардың каталогы төмендегідей:

-маскүнемдер мен нашақорларды емдеу орындарына орналастыру;

– бақылау орнату;

-жүргізушілік куәлігінен айыру;

-белгілі бір кәсіби іспен айналысуға шек қою;

– шығын орнын толтыру;

– ит ұстауға шектеу қою;

– аңшылық куәлігін қайтарып алу.

 

15. Жазалау мақсатын түп-тамырымен өзгерту керек. Мақсаттың орнына – айыптыны түзеу, жаңа мақсатты айқындау – айыптыны (сотталушыны) қайта бейімдеу. Солай жасау арқылы екі мақсатты қалтыру керек: әлеуметтік әділдікті орнату және қылмыстың алдын алу.

16. Қылмыскер мен жазаланушының коллизиясы мен адекватты еместігін жою мақсатымен ҚР ҚК ерекше бөлімдерінің нормасына төменгі межелерді енгізу керек: «Жазаны күшейтетін баптағы санкцияның ең төменгі шегі ауыр қылмысқа берілетін жазаны белгілейтін баптың жоғарғы шегінен аспауы керек».

17. Қылмыстық-құқықтық әсер етудің басқа шаралары ретінде бостандығынан айыруға қатысы жоқ жазалаудың балама шараларын енгізу керек (электронды білезік және т.б.).

Мінез құлық үшін экономикалық және ынталандыру шараларын қолдану.

Атап айтсақ, қылмыс нысаны теориясының даму тарихында өз кезінде профессор Пашуканис таныстырған тәжірибе біраз қызығушылық туғызады. Құқық теориясында Пашуканис Маркстің экономикалық теориясында қолданған сыни тәсілді қолдануға талпынды. Тауар иелерінің қарым-қатынасы дегеніміз, деді ол, «sui generics әлеуметтік қатынас болып табылады, оның ажырамас бейнесі ретінде құқық формасын атауға болады». Құқық формасы мен тауар формасын жақындастыра отырып, Пашуканис тауар иелерінің айырбастық қатынасынан генетикалық тұрғыдан құқықты шығарып алды. Осыған байланысты, оның құқық теориясы әдебиетте айырбастық деген атқа ие болды. Қазіргі кезде аталмыш теорияның түрі өзгертілген формасын профессор Молдабаев С.С. қолдануда.

19. Қолданыстағы қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде берілген қылмыстық-құқықтық нормаларды пәндік тұрғыдан жеке-жеке талдау керек. Атап айтсақ: а) қылмыс пен оған берілетін жазаның орынды болуы тұрғысынан; б)олқылықтар мен коллизияның болуы тұрғысынан; в) ҚР қылмыстық саясаттың негізгі бағыттарын іске асырудағы екі векторлық саясатты есепке алу тұрғысынан; г) ҚК нормаларына қолданыстағы халықаралық-құқықтық міндеттемелерді енгізу тұрғысынан алып қарастырған жөн.

 Астана қ., 20 маусым 2013 ж.


 

Сендер түсініктемені немесе сілтемені , сіздің сайтыңызға қалдыру білесіңдер.

Қалдыр түсініктеме

Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru