wordpress themes.

Сөз еркіндігі мен өз ойын еркін білдіру саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындаулы

Тамара Калеева,

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қорының  президенті

Біздің қорымыз көп жылдар бойы сөз бостандығын, яғни өз ойын білдіру, ақпарат алу мен тарату бостандығын регламенттейтін ұлттық заңнаманы талдаумен айналысып келеді. Өкінішке орай, бұл салада елдің халықаралық міндеттемелерінен бас тартуы, қайшы келуі көптеп орын алатындығы сонша, бір баяндамада оның бәрін қамтып айтып шығу мүмкін емес. Сондықтан мен уақытты үнемдеу мақсатымен елдің парламенті қазіргі сәтте бас алмай жұмыстап жатқан, сондай-ақ,  қабылданған тәртіп бойынша белгілі бір нормаларды халықаралық демократиялық стандарттармен сәйкестендіру мүмкін болып отырған  жаңа редакциядағы Қылмыстық кодекс пен әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі Кодекске тоқталмақпын.  Осы мақсатпен, заңнамамыздың жағымды жақтары туралы айтып, уақыт жоғалтқым келмейді. Олардың көп екендігі даусыз, дегенмен, ол туралы менің алдымдағы баяндамашы кеңінен тоқталып өтті деп есептеймін.

Алдымен, адам құқығы саласындағы халықаралық міндеттемелер деген не дегенді анықтап алудан бастайын. Бұл туралы айту артық болмайды деп есептеймін. Себебі, Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясының жобасында жала жабу мен зәбірлеуді декриминализациялау жөніндегі біздің ұсынысымызға Бас прокуратураның Ведомствоаралық жұмыс тобы былайша жауап берді: «Қазақстан Республикасы қабылдаған бірде бір халықаралық құжат немесе міндеттеме басқа тұлғаның намысы мен абыройын аяққа таптайтын немесе оның беделіне кір келтіретін жалған ақпаратты әдейі таратқаны үшін декриминализациялауды қарастырмайды». Шынында бұл солай ма?

Бәрімізге белгілі, адам құқығы жөніндегі халықаралық құқық адам құқықтары мен адамның негізгі бостандықтарын халықаралық тұрғыдан қорғайтын және адам құқығы саласында ұлттық құқық үшін халықаралық стандарттарды білдіретін қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Адам құқығы саласындағы  халықаралық құқық халықаралық көпшілік құқығының бір саласы болып табылады. БҰҰ жүйесі мен өлкелік ұйымдардың келісімдері оның негізі болып табылады. Ол ең біріншіден,  1948ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші сессиясында қабылданған адам құқығы жөніндегі Жалпыға ортақ декларация.  Декларацияның тек ұсынымдық мәртебесі бар, дегенмен, оның есесінде қатысушы үшін міндетті болып келетін екі шарт қабылданған: Азаматтық және саяси құқық туралы Халықаралық пакт және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт.

Қазақстанның өз ойын еркін білдіру бостандығы қағидасына шынайы берілгендігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Мәжілістің Қорытынды актісі (Хельсинки, 1975 ж. 1 тамыз) сияқты бірқатар құжатта қатарынан бекітілген. Алайда, сөз бостандығы саласындағы Қазақстанның өз халықаралық міндеттемелерін орындаудың басты межесі ретінде менің пікірімше, ұлттық заңнама мен құқыққолдану тәжірибесінің азаматтық және саяси құқық жөніндегі Халықаралық пактінің 19 бабымен сәйкес келуін айту орынды сияқты. Бұл пактінің нормаларын Қазақстан бұл Пактіні мақұлдаған уақыттан бері, яғни 2006 жылдан бері орындауға міндетті.

Бұл Пактінің 19 бабында былай делінген:

«1. Әр адам өз пікірін еш кедергісіз білдіруге құқылы.

  1. Әр адамның өз ойын еркін білдіру құқығы бар; бұл құқық әр түрлі ақпаратты іздеу, қабылдау, тарату құқығын, сондай-ақ, мемлекеттік шекараға қарамастан ауызша, жазбаша немесе баспа көмегімен немесе ойын білдірудің әдеби түрін қолдана отырып немесе өзі таңдаған басқа тәсіл арқылы өз ойын білдіруге құқылы.
  2. Аталмыш баптың 2 тармағында көрсетілген құқықтарды қолдану ерекше міндеттеме мен жауапкершілік жүктейді. Оған бірқатар шектеу қойылуы мүмкін, алайда оны заңмен бекіту керек, сондай-ақ, ол:

а) басқа адамдардың құқығы мен беделін сыйлау үшін;

б)мемлекттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен ар-намысын сақтау үшін қажет».

Осылайша, өз ойын білдіру бостандығы құқығы абсолютті болып табылмайды. Кейбір нақты және аз ғана жағдайларда оларға шектеу қойылуы мүмкін.  Бұл шектеулерді өз бетімен және кең ауқымда қолданбауы үшін, Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар, атап айтсақ, БҰҰ мен ЕҚЫҰ бірқатар құжаттарды жазып, басып шығарды. Олардың көбінде жала жабу мен зәбір көрсеткені үшін демократиялық құқықтық мемлекетте қылмыстық жауапкершілікке тартуға неліктен жол берілмейтіндігі туралы айтылады.

Өз ойы мен пікірін еркін білдіру құқын қорғау мен мадақтау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы баяндамашысы мен бұқаралық ақпарат құралдары мәселесі бойынша ЕҚЫҰ өкілі және өз пікірін еркін білдіру мәселесі жөніндегі америкалық мемлекеттер Ұйымының арнайы баяндамашысының  «БАҚ бостандығына қатысты қазіргі кездегі  өзекті мәселелер» деп аталатын 2000 жылғы біріккен Декларациясында «Өз ойын еркін білдіру бостандығы мен ақпаратты еркін тарату бостандығына қатысты екі қауіп қазіргі кезде дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде дағдарыстық деңгейге жетті: өз ой пікірін еркін білдіру құқығын іске асырып жатқан журналистер мен басқа да тұлғаларға шабуыл жасалуда (өлтіру арқылы жазалау), тіл тигізу және жала жабуға жүктелетін жауапкершілік туралы шектеулі заңдар асыра пайдаланылуда» деп көрсетілген, сондай-ақ декларация  «Тіл тигізуге берілетін қылмыстық жазаның күшін жою туралы мәселені қайта қарау керектігін және осы мәселені қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтық сот төрелігіне жіберуді» ұсынады.

БҰҰ арнай баяндамашысы мен БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілінің 2002 біріккен декларациясында былай делінген: «Жала жапқаны үшін қылмыстық жазаға тарту өз ойын білдіру бостандығын орынды шектеу болып табылмайды; жала жапқаны үшін қылмыстық жазалауға қатысты барлық заңдардың күшін жойып, қажет болған жағдайда азаматтық құқықтағы жала жабу туралы сәйкес келетін заңдармен алмастыру керек».

Қазақстанның 2012 жылы БҰҰ адам құқығы жөніндегі Комитеттің мүшесі болғанын естеріңізге сала отырып, 2011 жылы басылып шыққан аталмыш Комитеттің № 34 жалпы тәртіптегі Ескертпелерінен үзінді келтіре кетейін: «Қатысушы мемлекеттер жала жабуды қылмыс құрамынан алып тастау мүмкіндігін қарастыруы керек, дегенмен қандай да жағдай болмасын қылмыстық заңнама аса ауыр жағдайларға қатысты қолданылуы керек, ал, бостандығынан айыру сияқты жаза түрлері жазалаудың адекватты түрі ретінде қабылданбағаны жөн».

Сөз бостандығы жөніндегі халықаралық қағидаға сәйкес тіл тигізу мен жала жабуды декриминализациялау туралы мәселе Қазақстанда бірінші рет көтеріліп отырған жоқ.

  • 2011 жылдың қазан айында үкімет қаулысымен 2011-2014 жылдар аралығында адам құқығы жөніндегі Әмбебап мерзімдік шолуы шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының қатысушы мемлекеттер ұсыныстарын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар Жоспары бекітілді. Бұл жоспардың 32 тармағында былай делінген: «Ведомствоаралық комиссияда жала жабу бойынша жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті азаматтық салаға ауыстыру мәселесін қарастыру».
  • Сәл ертеректе, 2011 жылдың сәуір айында мемлекеттің саяси еркіндігін Президент «Біз құқық пен бостандықты сақтау мәдениетін өзгерту ісін нығайту жөніндегі өскелең азаматтық қоғамның ой пікіріне құлақ асамыз. Біз, мысалы, сөз бостандығын қолдау мақсатымен және бізде қалыптасқан жағдайды халықаралық тәжірибемен ұштастыру үшін жала жабуды қылмыстық жауапкершіліктен алып, азаматтық жауапкершілікке тапсырамыз» деп нақты анықтап берді.
  • Одан сәл ертеректе, 2008 жылы Қазақстан «Еуропаға жол» деп аталатын мемлекеттік бағдарламаны қабылдады. Бұл бағдарламаның басты мақсаттарының бірі ретінде диффамация мәселесін қамти отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруді атауға болады. (5.1.8 тармағы).

Нәтижесінде неге қол жеткіздік? Қазақстанда қолданылып жүрген Қылмыстық кодексте намыс пен абырой сияқты мүліктік емес жеке бас құқығын қорғау туралы алты бап бар. Олардың ішінде «қатардағы» азаматтардың намысы мен абыройын қорғау жөнінде екі бап бар – 129 б. «Жала жабу», 130 б. – «Тіл тигізу»; біріншісінде үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған болса, екіншісі бойынша бір жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қазір, жаңа Қылмыстық кодексті қабылдау үрдісі жүргізіліп жатқан кезде Қазақстанның, қайталап айтамын, жала жабу мен тіл тигізуді декриминализациялауға қатысты өз міндеттемелерін орындауға нақты мүмкіндіктері бар. Алайда, кодексті жасаушылар керісінше, аталмыш әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отыр. «20-шы бап» деп аталатын 12 қазақстандық ҮЕҰ-н тұратын біздің коализация Бас прокуратураға өз ұсыныстарын жолдады  және онда декриминализациялаудың қажеттілігін негіздеп берді. Және «Ведомствоаралық жұмыс тобының» қолы қойылған жауап алды:  «Біздің ойымызша, жала жабу мен тіл тигізуді декриминализациялау ой пікірді еркін білдіруге мүмкіндік бермейді, керісінше, азаматтардың намысы мен абыройына әдейі қол сұғудың өсуіне алып келеді. Ал, бұл, өз пікірін еркін білдіру құқығын іске асыруда басқа тұлғалардың құқықтары мен беделін құрметтеу жөніндегі азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің ережесімен сәйкес келмейді». «Біздің ойымыздың» неге негізделгендігі түсініксіз.

Біз ислам мен христиандағы басты кітаптар – Құран мен Библияны дұрыс түсіну үшін  соған сәйкес келетін рухани білім мен тәрбие керек екендігін жақсы түсінеміз, олай болмаған күнде бұл постулаттардың ілімін өз бетімен түсіндіру дінбұзушылыққа, сектанттыққа және экстремизмге алып келеді.  Осылайша адам құқығы мен оның негізгі шектеулерін дұрыс түсіну азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт сияқты құжаттардың егжей-тегжейін түсінгеннен кейін ғана іске аспақ. Қылмыстық кодекстің жаңа жобасының авторлары біздің еліміз мүше болып табылатын белгілі халықаралық ұйымдардың бірімен де, сондай-ақ, сөз бостандығын шектеу шегі туралы түсінікпен де таныс емес деп ойлаймын, себебі, диффамация үшін артылатын қылмыстық жауапкершілікті арттыру жөніндегі олардың ұсыныстарын, егер діни тұрғыдан қарастырар болсақ, дінбұзушылық деп атаудан басқа жол жоқ.

Сенат парламентінің жуықта болған конференциясы кезінде жала жабуды декриминализациялау жөнінде жай ғана айтылған пікірге  ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары  И. Меркельдің қатты ширығып, «Алдымен Еуроодақ өз мәселелерін шешіп алсын, олардың 28 елінде жала жабу қылмыстық кодекске енгізілген» деуін назардан тыс қалдыруға  болмас. Жауап берейін, Еуроодақ мүше елдері жала жабуға тағылатын қылмыстық жауапкершілікті тәжірибеде қолданбағанына  он жылдың жүзі болды, себебі, олар адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот юрисдикциясына бағынады. Беделді халықаралық ұйымның хабарламасын назарларыңызға ұсына кетейін «Артикль 19»:  «Қазіргі уақытта Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің жартысына жуығы тыйым салуға болатын жала жабуды декриминализациялау немесе оған беретін жаланы жеңілдету мақсатымен нақты шаралар қабылдауда». Айтпақшы, демократия үлгісі болып табылмайтын Ресей Федерациясының өзі жала жабуды декриминализациялап, кйіннен оны тез арада қылмыстық кодекске қайтару арқылы бұл баптан бостандығынан айыру жазасын алып тастады.

Парламент депутаттары сөз бостандығы мәселесінде Қылмыстық кодексті дайындаушылардың біліктілігі қақысында тиесілі бағасын береді деп ойлаймын.

Талқылауды жалғастырайық. ҚР қолданыстағы Қылмыстық кодексі мемлекеттік лауазымды тұлғалардың кейбір топтарын қорғаудың ерекше тәсілдерін қарастырған. «Қазақстан Республикасы Президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру және оның іс-әрекетіне бөгет болу» деп аталатын 318 бап бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. Осыған ұқсас жағдайлар «Депутаттың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру және оның іс-әрекетіне бөгет болу» деп аталатын 319 бапта, «Билік өкіліне тіл келтіру» деп аталатын 320 бапта, «Судьяға, прокурорға, тергеушіге, сот жасауылына, сот орындаушысына жала жабу» деп аталатын 343 бапта тіркелген. Бұл нормалар Қылмыстық кодекстің жобасында сақталады және тіпті күшейтілген, ал бұл, азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі, сондай-ақ, БҰҰ адам құқығы жөніндегі Комитетке мүше болу жөніндегі Халықаралық пактіні бекітуден келіп шығатын Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді.

Жоғарыда келтірілген жалпы тәртіптегі № 34 Ескертпенің «Ой пікір және оны еркін білдіру бостандығы. Жалпы ескертпелер» деп аталатын 19 бабында (БҰҰ адам құқығы жөніндегі Комитет. 102-сессия, Женева, 11-29 шілде, 2011 ж.) Комитет «азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пактіде саяси және мемлекеттік қайреткерлердің қатысуымен болып жатқан пікірталас кезінде ой пікірін еркін білдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, өз ойын білдіру формасы  қандай да бір қоғамдық қайраткерді  ренжітеді деу берілетін жазаны негіздеп көрсетуге жеткіліксіз, алайда, қоғамдық қайраткерлер өз мүдделері үшін Пакт ережелерін қолдана алады. Оның сыртында, барлық қоғамдық қайраткерлер, сондай-ақ, мемлекет пен үкімет басшылары сияқты жоғарғы саяси биліктің өкілдері заңды негізде сын нысанына айналып, саяси оппозиция тарапынан айыптауға тап болуы мүмкін. Осы себеппен Комитет жоғарғы мемлекеттік тұлғаға тіл тигізу, сотты сыйламау, билік өкілдерін сыйламау, мемлекет туы мен символын сыйламау, мемлекет басшысына жала жабу, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың беделін қорғау сияқты іс-әрекеттер туралы  заңдар жөнінде алаңдатушылығын білдіреді; ол сондай-ақ, тек беделіне нұқсан келген жеке тұлғаға қатысты ережелерге байланысты ғана заң жазалаудың ауыр түрін бекітпеуі керек екендігін баса айтады».

«Артикль 19» деп аталатын Халықаралық үкіметтік емес ұйым халықаралық құқық пен салыстырмалы құқықтануға негізделген «Жала жабуды анықтау: сөз бостандығы мен беделді қорғау қағидасы» деп аталатын қағидалар жүйесін дайындап  шығарды. Аталмыш қағидалар жүйесін өз ойын еркін білдіру мен сөз бостандығы бойынша БҰҰ арнайы баяндамашысы, БАҚ бостандығы мәселесі бойынша ЕҚЫҰ өкілі және тағы басқалар мақұлдаған. Осыған байланысты, қандай жағдайда болмасын беделі мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру туралы ережеде атақ даңқы немесе қызметтік жағдайына қарамастан билік өкілдеріне қатысты қорғаудың ерекше тәсілдері болмауы керек.

Осы қағидаларға сәйкес «20-бап» ҮЕҰ коалициясы жобадағы 373, 411 баптардың күшін жойып,  372, 375, 407, 410 баптардың тұжырымдамасын өзгертуді ұсынады. Біз аталмыш баптар мен олардың тұжырымдамаларының қолданыстағы кодекс пен ұсынылып отырған жобада болуы  барлық адамның заң алдында тең құқықты болу қағидасына қайшы келетіндігін баса айтамыз. Бедел мен қадір-қасиет қызметтік құқыққа ғана емес, сондай-ақ, жеке адам категориясына да қатысты болғандықтан  жалпыазаматтық құқық лауазымды тұлғаларды мемлекеттің барлық азаматтарымен тең дәрежеде қорғауы керек, ал, лауазымды тұлғалардың қызметтік әрекетіне бөгет болатын іс-әрекеттер ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Осы ережені, сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның транзиттік даму кезеңін ескере отырып, «Билік өкіліне тіл тигізу» деп аталатын 375 баптың ҚК-не атауының өзгертіліп енгізілуі және жауапкершілікті күшейту лауазымды тұлғалардың құқығы қызметтік міндетін атқару барысында бұзылған жағдайда кез келген лауазымды тұлғаның немесе кез-келген билік өкілінің жеке мүліктік емес құқығын қорғауға жеткілікті деп есептейміз. Нақтылап айтар болсақ, біз бапты «Билік өкілі немесе лауазымды тұлғаға олардың қызметтік міндетін орындауына байланысты тіл тигізу немесе олардың намысы мен қадір-қасиетін аяққа таптау» деп өзгертуді және бап мәтініне қажетті өзгертулерді енгізуді ұсынамыз. Баспрокуратура біздің ұсынымызды  қабылдаудан бас тартуын «ведомствоаралық жұмыс тобы қылмыс нысаны туралы қылмыстық құқықтың доктриналдық ережесіне сүйенеді» деп түсіндірді. Өкінішке орай, біздің құқықтық жүйемізді дайындауға қатысатын құзырлы тұлғалар лауазымдық тұлғаларына қарамастан тек жеке тұлғаларға ғана қатысты болып келетін қызметтік әрекетке бөгет болу мен намыс пен қадір-қасиетті қорлау арасындағы айырмашылықты байқамады. Парламент депутаттары мұндай әрекетке жол бермейді дегенге сенуден басқа еш жолымыз жоқ.

Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пактінің 17 бабы жеке және отбасылық өмірге заңсыз араласудан қорғайды. Алайда, сөз бостандығы мен беделді қорғау қағидаларының бірінде елеулі қоғамдық мүдде болған жағдайда  жеке өмір құпиясы құқығы есепке алынбауы керек делінген. Бұл қағида Қазақстан заңнамасында да ескерілмеген. Мысалы, қылмыстық айыптың қатарына «Тұлғаның әрекеті жәбірленушінің құқығы мен заңды мұддесіне нұқсан келтірген жағдайда тұлғаның жеке өмірі, жеке басының және отбасы құпиясын тұлғаның рұқсатынсыз заңсыз жинау және тарату» деп аталатын Қылмыстық кодекстің 142 бабы мұндай әрекет үшін қандай да бір лауазымды иелену құқығынан айыру немесе қандай да бір әрекетпен екіден үш жылға дейін айналысу құқығынан айыру немесе төрттен алты айға дейін тұтқындау қарастырылған. Осы норма Қылмыстық кодекстің жаңа жобасында қайталанады.

Өз ойын білдіру бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ сарапшысы Қазақстанның Қылмыстық кодексіне талдау жасап, «жеке өмір құпиясын сақтау деңгейі жоғары болуы мүмкін, алайда, бұл өз ойын еркін білдіру құқығына шек қоюға себеп болмауы керек. Мұнда жеке өмірді қорғау тетігі ең алдымен жеке-құқықтық  реттеу саласына қатысты болуы керек, себебі, ең бастысы жеке тұлғаға келтірілген  залалдың орнын толтыру.  Осылайша, жеке тұлғаның жеке өміріне қол сұғушылық үшін қылмыстық жауапкершілік орнату мөлшерлес деп табылады» деп есептейді.

Қазақстан Еуропа кеңесіне кірмейтіндігіне және де аталмыш халықаралық ұйымның шешімдерін орындауға міндеттеме қабылдамағанына қарамастан, өзара қарым қатынасты кеңейту мақсатымен, үкіметтің  Еуропа Кеңесінің құндылықтарын қолдайтындығын білдірген бірқатар  мәлімдеме жасалды. Атап айтсақ, 2004 жылдың сәуір айында Қазақстан Парламенті мен ЕКПА арасында ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылып, 2006 жылдың қарашасында Қазақстан Парламенті шолушы мәртебесін алу үшін өтініш білдірді. Қазіргі кезде Қазақстан  құқық арқылы демократияға қол жеткізу үшінгі Еуропалық комиссиясының қатысушысы болып табылады. Аталған Келісім шеңберінде Қазақстан өзінің адам құқығы мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасын алға жылжытуға деген ниетін білдірген болатын. Сондықтан Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы жөніндегі №1165 (1998) резолюциясына сілтеме бере кеткенді жөн санадым. Екі заңды мүдденің қайшылығын шешу қажет екендігін түсіну ЕКПА-ның келесі тезисінде былай деп көрсетіледі: «Адам құқығы жөніндегі Еуропа конвенциясы кепілдік беретін екі іргелі құқықты теңестірген жөн. Ол құқықтар мыналар: жеке өмірін қорғау құқығы және өз ойын еркін білдіру құқығы». Аталмыш мәселені шешу мақсатымен Ассамблея Еуропа Кеңесіне қатысушы мемлекеттердің заңнамасын жетілдірудің кешенді шараларын ұсынды. Бұл шаралардың барлығы құқықтық жауапкершіліктің бір ғана формасын – азаматтық форманы басты назарда ұстайды.

Айтпақшы, Ресей Федерациясының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңындағы  журналистер міндеті жөніндегі тізімде бір ерекшелік бар: журналист қандай да бір тұлғаның жеке өміріне қатысты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында таратпас бұрын сол тұлғаның немесе тұлғаның заңды өкілдерінің келісімін алуы керек (бұл жағдай қоғамдық мүддені қорғауға арналған кезден басқа уақытта). Сөз бостандығы және жеке өмірді қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес тұлғаның жеке өмірі туралы ақпаратты заңсыз қабылдауға жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті алып тастауды ұсынамыз. Себебі, оларды қорғаудың барлық жағдайы Азаматтық кодексте қарастырылған, сондай-ақ, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына  Ресей БАҚ туралы заңы сияқты қосымша енгізген жөн.

 Баяндама жасауға берілген уақыттың аздығына қарамастан ҚР Азаматтық кодексіндегі жеке мүліктік емес құқық мүддесіне бола  сөз бостандығының шектелетіндігі туралы айтпай кетуге болмайды. Олардың БҰҰ және ЕҚЫҰ мүшелігіне байланысты Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне толығымен сәйкес келмейтіндігін де айта кеткен жөн.

Өз ойын еркін білдіру құқығын қорғау және мадақтау мәселесі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы баяндамашысы мен бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілінің, өз ойын еркін білдіру мәселесі жөніндегі америкалық мемлекеттер Ұйымының арнайы баяндамашысының «БАҚ бостандығы мәселесі бойынша қазіргі кезде туындап отырған өзекті мәселелер» деп аталатын 2000 жылғы Біріккен Декларациясында былай делінген:

«Тіл тигізгені үшін тағылар азаматтық-құқықтық шектеулер өз ойын еркін білдіру бостандығына кері әсерін тигізерліктей көп болмауы керек. Ондай шектеулер арызданушыға төлемақы алып беріп, жауапқа тартылушыны жазалауға емес, керісінше, нұқсан келтірілген беделді қайта орнына келтіруге бағытталған болуы керек. Атап айтсақ, ақшалай айыппұлдар келтірілген шығынның орнын толтыратындай болғаны жөн. Ал заң болса, өз кезегінде құқықтық қорғаудың сенімді тәсіліне жүгінуі керек».

Өкінішке орай, Қазақстанның Азаматтық кодексі тұлғаның беделін, абыройын және іскерлік беделін қорғауға қатысты талаптар үшін қуыну мерзімін қарастырмаған. Бұл арыздарды шығарылым жарық көргеннен кейін 5, тіпті 10 жылдан кейін де бере беруге болады. Ал мұндай жағдайлар сот тәжірибесінде көптеп кездеседі. Мұндай таластарға  қатысты мемлекеттік баж салығы айлық есептік көрсеткіштің жартысын құрайды, яғни, шығатын шығын аса көп емес. Арызданушы көрсетілген ақпараттарды жоққа шығара отырып, кеткен шығын мен моральдық зиянның орнын толтыруын талап етуге құқылы. Заңнамада өтелуі тиіс моральдық зиянның ең жоғарғы шегі нақты көрсетілмеген. Сонымен қатар, Азаматтық кодекстің 951 бабының 3 тармағында жауап берушінің кінәсіне қарамастан жауап берушінің жаман атқа қалдыратын деректерді таратқаны анықталған жағдайда келтірілген моральдық зиянды өтеп беру қарастырылған.

Заңнамада жеке тұлғаның жеке құқығы ретінде бедел мен абыройдың және заңды тұлғаның құқығы ретінде іскерлік беделдің арасында еш айырмашылық көрсетілмеген, сондай-ақ, іскерлік беделге ие тұлғалар анықталмаған, ал бұл мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтын лауазымды тұлғалардың БАҚ –қа қатысты құқығын асыра пайдалануына алып келеді.

Халықаралық стандарттарда қандай да бір тұлғаның құқығын қорғау мақсатында сөз бостандығына қойылатын шектеулерді қандай да бір тұлғаның суреті коммерциялық мақсатта қолданылмауы үшін, сондай-ақ, құқықтық тұрғыдан үйдегі жеке өмірінің құпиясын қорғау мақсатында қоюға болады деп көрсетілген. Қалай дегенмен де, қандай да бір тұлғаның жеке өміріне деген қоғамдық қызығушылық ол тұлғаның жеке өмір құпиясын сақтауға деген заңдық құқығынан асып түскен жағдайда еш қорғау тәсілі қолданылмауы керек. Бұл нормалар Қазақстанның заңнамасында жоқ.

Азаматтық кодекстің 145 бабы тұлғаның бет-бейнесі құқығын абсолюттік қорғау жолдарын төмендегідей анықтайды:

«1. Ешкімнің де қандай да бір тұлғаның  бейнесін оның рұқсатынсыз, ол өлген жағдайда оның туысқандарының рұқсатынсыз қолдануға құқығы жоқ.

  1. Басқа адам бейнеленген бейнелеу шығармасын басу, қайта шығару және тарату (суреттер, кинофильмдер) тек бейнеленген адамның рұқсатымен, ал, ол өлген жағдайда оның балаларының немесе тірі болса әйелінің келісімімен іске асады. Заңнамалық актілер арқылы бекітілген жағдайда немесе тұлға өз бейнесін ақылы түрде салуға рұқсат берген жағдайда мұндай келісім қажет етілмейді».

Бұл баптың нормалары мысалы, үкімет, парламент мәжілістерін, футбол ойындарын және т.б. теледидарда трансляциялау кезінде үнемі бұзылуда. Алайда, ол БАҚ сынға алған адам сынды жойғысы келген жағдайда ғана қолданылады, бірақ көңіл көншітерлік деректері жоқ. Мұндай жағдайдың айқын көрінісі – «Кешкі Алматы» газеті сот үрдісі кезінде ұйықтап отырған сот отырысы хатшысының суретін алып, газетке басып шығарады. Деректің шынайылығына таласып жатастан, хатшы ханым оның кескінін қолдану арқылы оның құқығын бұзды деп сотқа шағымданады да, жеңіп шығады, өйткені, бапты тек бір жақты ғана түсіндіруге болады.

Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі қолданыстағы Кодекс  баспа және ақпарат саласындағы ерекше әкімшілік құқықбұзушылыққа артылатын жауапкершілікті қарастыратын 11 баптан тұрады. Олардың арасында:

  • Тіркелусіз БАҚ басып шығару – әр түрлі көлемдегі айыппұлдар және бұқаралық ақпарат құралдары өнімін тәркілеу;
  • Меншік иесі, тарату аумағы, мерзімділіктің өзгеруі және т.б. жағдайларда қайта тіркеуден өтпей баспа ісімен айналысу – ірі көлемді айыппұлдар ($8000), үш айлық мерзімге жұмысын тоқтату және БАҚ мүлдем жауып тастау;
  • Бақылау және міндетті данасын беру тәртібін бұзған жағдайда – айыппұлдар және БАҚ басылымын үш айлық мерзімге тоқтату;
  • Шығу мәліметтерін жария ету тәртібін бұзған жағдайда – ірі көлемдегі айыппұл, құрал жабдықты тәркілеу және БАҚ басылымын үш айлық мерзімге тоқтату.

ҚР Әділет министрлігі  дайындаған ӘҚК жобасында бұл нормалар сақталады, кейбір жағдайда, тіпті күшейтілген.  Ал бұл, Қазақстан мақұлдаған адам құқығы саласындағы халықаралық құжаттар мен ел Конституциясына қайшы келеді.

Қайталап айтамын, сөз бостандығына шектеу қоятын бірден бір негіздеме – басқа тұлғалардың құқығы мен беделін сыйлау үшін; мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың ден саулығы мен абыройын  сақтау үшін болуы керек. Көріп отырғанымыздай, тіркеу, қайта тіркеу, міндетті даналар және шығу мәліметтері жөнінде азаматтық және саяси құқық туралы Халықаралық пактінің 19  бабында ештеме айтылмаған. Олардың басты мақсаты – қолданыстағы БАҚты тіркеуге алу мен БАҚ өнімдерін есепке алу тәртібін сақтау. Жай бір техникалық қателерге бола жұмысын тоқтату, жабу және ірі көлемде айыппұл салу халықаралық стандарттарға сай келмейді. Сондай-ақ, «Казахстанская правда», Трибуна» «Правдивая газета» сияқты газеттердің басынан өткергеніндей бұл баптарды тәуелсіз және оппозициялық газеттерді қудалау үшін қолданбау.

Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО мүшесі ретінде және өзі қол қойған бірқатар келісімдер мен шарттарға қосылуы нәтижесінде орындауға міндетті сөз бостандығы жөніндегі халықаралық стандарттар мен  БАҚ-ты мемлекеттік реттеу туралы, ақпаратты алу мен тарату туралы заңнамалық нормалары арасында айтарлықтай қайшылық бар. Келесі жолы бұл мәселелер жөнінде нақты айтып беруге мен дайынмын.

Қорытындылар

Сөз бостандығы саласындағы Конституция нормалары негізгі халықаралық құжаттардың ережелерін, атап айтсақ, азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық Пактінің 19 бабын сөзбе сөз қайталайды.

Алайда, мемлекеттік шекараға қарамастан сөз бостандығына қол жеткізу құқығы Конституцияда берілмеген, өз ойын білдіріп, оны еш бөгетсіз жария ете алу құқығын қорғайтын нормалар жоқ. Ақпарат алу мен оны тарату құқығын заңмен шектеуге болады, алайда, мұндай заң қоғамдық мүддені қорғау үшін қажетті деген шарт онда берілмеген. Іс жүзінде бұл сөз бостандығын қисынсыз шектеуге алып келеді.

Сөз бостандығын регламенттейтін келесі заңнамалық топтамаларда өрескел қайшылықтар мен жалпы қабылданған демократиялық стандарттар мен ел Конституциясын бұзушылық орын алған.

Тіл тигізгені үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын жеке бас мүліктік емес құқықты қорғау нормалары сөз бостандығы қағидасына қайшы келеді. Қандай жағдайда болмасын, беделі мен абыройына нұқсан келтіру жөніндегі ережелерде дәрежесі мен қызмет жағдайына қарамастан билік өкілдерін қорғаудың ерекше тәсілі берілмеуі керек. Жеке өмір құпиясын сақтау құқығын қорғау кезінде қоғамдық мүдде есепке алынбайды.

Қуыну мерзімінің, моральдық шығынның жоғарғы деңгейінің, БАҚ-тың абайсыздан моральдық шығын әкелуіне тағылатын жауапкершіліктің нақты көрсетілмеуі, сондай-ақ,  жеке бас және іскерлік құқықтың араласып кетуі БАҚ-ты жойып, сын үшін қудалауға және сөз бостандығына кері әсерін тигізуге алып келеді.

Сөз бостандығын шектеудің басқа да түрлері сияқты санкциялар да жасалған заң бұзушылыққа сәйкес болуы керек. Бұқаралық ақпарат құралдарының әрекетін тоқтату немесе шектеу қою ең ақырғы, төтенше санкция түріне жатады. Бұқаралық ақпарат құралдарының бақылау және міндетті дананы әкелу жөніндегі процедуралық талапты орындамауы, тіпті ол жағдай бірнеше мәрте қайталанған болса да, ең жоғарғы шаралар категориясына жатпайды. Тәртіп  бұзушылыққа бола БАҚ әрекетін тоқтатып, оған тыйым салу – құқықбұзушылық болып танылмайды, сондықтан, ол үшін жаза тағайындау орынсыз.

ҚР заңнамасын өз ойын еркін білдіру құқығы мен ақпаратты қабылдап тарату құқығы жөніндегі халықаралық міндеттемелерге сәйкестендіру жөнінде ұсыныстар

  1. Қазақстанның Конституциясы мен басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген заңмен шектеу қойылмаған ақпаратқа еркін қол жеткізіп, тарату құқығы бұл құқық мемлекеттік шекараға қарамастан іске асырылады деген ережемен толықтырылуы керек.
  1. Тіл тигізу мен жала жабуды декриминализациялау керек. Қандай жағдайда да бедел мен абыройға кір келтіру туралы ережелер дәрежесі мен қызметтік жағдайына қарамастан билік өкілдері үшін қорғаудың ерекше тәсілдерін қарастырмауы керек. Жеке өмір құқығы одан да жоғары тұратын қоғамдық мүдде болған жағдайда есепке алынбауы керек.
  1. 3. Бедел мен абыройды қорғауға байланысты қуыну мерзімін регламенттеу керек. Мұндай таластарға байланысты қойылатын мемлекеттік баж салығының сомасы моральдық зақымды өтеу сомасына сәйкес келуі керек. Мұндай төлемақының жоғарғы шегін регламенттеп, БАҚ-тың абайсызда келтірген моральдық шығынына жауапкершілік тағайындауды алып тастаған жөн.
  1. 4. Қандай да бір тұлғаның кескінін заңсыз қолданудан қорғау бостандығына қойылатын шектеулер ҚР заңнамасынан алынып тасталуы және жалпы қабылданған межелерге сәйкес келуі керек.

5.Заңнаманы процедуралық тұрғыдан бұзғаны үшін тағайындалатын жазаны көңілге қонарлық деңгейде тағайындау керек. Тәртіп бұзушылыққа байланысты берілетін жаза ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының әрекетін тоқтатып, оны жауып тастауға жаза тағайындалмауы керек және олай жасау халықаралық стандарттарға қайшы келеді.

 

Сендер түсініктемені немесе сілтемені , сіздің сайтыңызға қалдыру білесіңдер.
Скачать dawn of war dark crusade, скачать игру вархаммер 40000 дарк крусейд - скачать warhammer dark crusade

Қалдыр түсініктеме

Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru