wordpress themes.

Сайлауды көңілге қонымды уақыт аралығында өткізу

П. Лобачев

Құжаттарға сілтеме

1990 ЕҚЫҰ Копенгаген құжатының 7.1 т. «Халықтың қалауы үкімет билігінің негізі болуы үшін қатысушы мемлекеттер заңда көрсетілгендей көңілге қонарлық мерзім шеңберінде еркін сайлау өткізеді» деп көрсетеді.  Екіншіден, мұндай мерзімді анықтайтын заңдағы өзгертулер ерекше жағдайға байланысты орын алуы керек. ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерде демократиялық сайлау өткізудің керемет тәжірибесіне сәйкес «… заңнамаға сайлау өткізер алдында өзгертулер мен толықтырулар енгізілмеуі керек. Әсіресе, бұл жағдай сайлаушылардың, саяси партиялар мен кандидаттардың өз рөлін орындай алу мүмкіндігі бұзылуы мүмкін жағдайда іске аспайды».

Ұсыныс:     Кез-келген жағдайда сайлаудың уақытынан бұрын өткізілуі туралы сайлау заңнамасында нақты жазылған болуы керек.

Түсініктеме:

Ең алдымен бұл президент сайлауына қатысты, себебі қазақстан заңнамасына сәйкес қазіргі президент өз қалауы бойынша кезектен тыс президенттік сайлау өткізуге құқылы.

Заңнамада мәслихат депутаттарын сайлаудың шектік мерзімін анықтау. 2007 және 2012 жылдары Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау бір уақытта жүргізілгеніне қарамастан,  олардың  өкілеттік мерзімі бірдей екендігіне байланысты 2012 жылдағы Мәжіліс депутаттарын сайлау кезектен тыс деп танылса, мәслихат сайлауы кезекті деп көрсетілді. Осыған байланысты, 2007 жылы сайланған мәслихат депутаттарының өкілеттік мерзімі 7 айға қысқартылды. Ақылға қонарлық еш себепсіз кезектен тыс сайлау өткізу сайлауға тең емес дәрежеде қатысуға (партиялық кездесулер үшін және кампанияны қолдауға қажетті қаржыны жинау үшін ұйымдарға аз уақыт беріледі) және потенциялды қатысушыларды алып тастауға (мысалы, сайлау өтетіндігін хабарлаудың алдында Коммунистік партияның әрекетін тоқтату) алып келеді.

Жалпыға ортақ және тең сайлау құқығы.

Құжатқа сілтеме:

1990 жылдың Копенгаген құжаты мемлекеттерге заңнамалық органның кемінде бір палатасының барлық депутаттарын халықтық дауыс беру арқылы сайлау міндеттемесін жүктейді.

Ұсыныс:

Мәжілістің барлық депутаттарын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайлау.

Түсініктеме:

Сайлау жөніндегі қазақстан заңнамасының 5 бабының 1 тармағына сәйкес: «Сайлаушылар Президент сайлауына, партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының және Республика мәжілісі депутаттарының сайлауына тең дәрежеде қатыса алады және олардың әрқайсысы бір сайлау бюллетенінде бір дауысқа ие болады».

Өз кезегінде Мәжіліс Депутаттары  екі топқа бөлінеді: партиялық тізім бойынша сайланатындар және Қазақстан Халықтары Ассамблеясы арқылы сайланатындар. Барлық депутаттар бірдей құқық пен міндеттерге ие. 2012 жылдың сайлауында ҚХА тарапынан 9 орын бөлініп, 9 кандидат ұсынылды, оның барлығы сайланды. ҚХА сайлаушылар тізіміне 390 адам енгізілді. Осылайша, барлық депутаттары жалпы дауыспен сайланатын Парламент палатасы жоқ. Оның сыртында ҚХА арқылы сайланатын депутаттар сайлауы еш баламасыз өткізіледі. Ол ол ма, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының сайлаушылары сондай-ақ, сайлаушылардың жалпы тізіміне енгізіліп,  партия тізімі бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттары сайлауына да қатысады. Сонымен қатар, сайлаушылардың сайлауға тең дәрежеде қатысу құқығы бұзылуда, себебі, 9 миллион адамның тек 390-ы ғана екі топтың мәжіліс депутаттарын сайлай алады.

Құжатқа сілтеме:

Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пактінің 25 бабында әр азамат шектеусіз әділ мерзімдік сайлауға қатысып сайлануға құқылы және өз елінде тең құқықтылықтың жапы тәртібі бойынша мемлекеттік қызметке сайлана алады делінген.

Ұсыныс:Тіркеуге қажетті партия мүшелерінің санын 1-10 мыңға азайту, саяси партиялардың мәжіліске сайлануына қатысты бөгеттерді  1-3%-да дейін азайту және мәжіліс депутаттарын сайлау жүйесін бір мандатты округтар мен партия тізімі арқылы сайланатын аралас, тең құқықты депутаттар өкілдерімен алмастыру. Бұл шара  халықтың әр түрлі өкілдерінің парламентке сайлана алу мүмкіндігін күшейте түседі.

Түсініктеме: Айтып өткеніміздей, мәжіліс депутаттарын партиялық тізім мен Қазақстан Халықтары Ассамблеясы атынан тағайындайды.  Бірінші жағдайда, кандидаттарды Мәжіліс депутатына сайлау құқығына тек саяси партиялар ғана ие болады, ал Қазақстан сайлаушыларының тек 16,5%-ы ғана партия мүшесі. Ал олардың көпшілігі бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, яғни, олар биліктегі партияны қолдауға міндетті. Сайлау туралы заңға сәйкес, саяси партиялар саяси партиялардың мүшелері болып табылмайтын тұлғаларды партия тізіміне енгізуге құқылы. Өткен парламент сайлауының қарсаңында  бір оппозициялық партияның әрекеті тоқтатылды, тағы бір партия бірнеше жыл бойы тіркеуден өте алмады. Екінші жағдайда, кандидаттарды Ассамблея Кеңесі ұсынып, Ассамблея мүшелері (394 адам) тағайындайды.  Екі жағдайда да басқа ұйымдардың тағайындауы мен өзін өзі тағайындауына жол жоқ. Осылайша, сайлаушылардың басым көпшілігі кандидат бола алмайды және өз кандидаттарын ұсына алмайды.  Партияның парламентке өтуі үшін қойылатын бөгеттің  7%-ы негізсіз және халықтың әр түрлі тобының сайлану мүмкіндігін  төмендетеді.

 Ұсыныс:

Ауылдық әкімдерді сайлау кезінде халықтың жергілікті халық арасынан кандидатын ұсыну және өзін ұсыну құқығына ие болуына мүмкіндік жасау.

Түсініктеме:

Ауылдық округ құрамына кірмейтін ауылдық округтердің, райондардың, ауылдардың  әкімдерін тағайындау  аталмыш округтер құрамына кіретін районды басқаратын әкімнің құзырында. Демек, әр түрлі кандидаттарды бір ғана адам тағайындай алады. Кандидаттарды ұсынар алдында халықпен кеңес өткізу ережесі жоқ. Іс жүзінде мұндай кеңестер ұсынылған кандидаттардың тағдырына әсер етіп көрген емес.

Ұсыныс:

Кандидаттарды тіркеу үшін қойылатын бөгеттерді азайту. Елде салықтық декларацияны толтырудың жалпы және тұрақты тәжірибесі, сондай-ақ, қажетті білім беру үрдісі жоқ кезде тексеру кезіндегі қайшылықтар кандидатты тіркемеуге сылтау болмауы керек. Кандидаттарға мәліметтерді түзетуге мүмкіндік беріп, декларацияны толтыру кезінде жіберілген қателердің маңыздылығын анықтаған жөн.

Түсініктеме:

2012 жылғы мәслихатқа депутат сайлау кезінде кандидаттарды тіркеуден өткізуден бас тартудың басты себебі кандидаттардың кірісі мен мүлкі туралы декларацияны толтыру кезінде жіберген қателері болды. Көп жағдайда кандидаттар әлдеқашан жаптық деп есептеген банкідегі ескі шоттар қайшылықтың басты себебі болып жатады, мұндай шоттардағы қалған ақшаның жалпы сомасы көп жағдайда бір долларды құраса, көп жағдайда  нөлдік баланста болған.

Қалай болғанда да, заңнамада қатенің маңыздылығын көрсететін меже жоқ. Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде осы тетіктің көмегімен ұсынылған кандидаттардың 30 пайызы тізімнен алынып тасталынады. Осылайша, 1990 жылғы ЕҚЫҰ Копенгаген құжаты мойындаған шамаластық қағидасы бұзылып отыр.

Сайлау комиссиялары

Құжатқа сілтеме:

Сайлау өткізу кезінде ұсынылатын нормалар  жиынтығының 3 тармағы, 3.1 тармақшасы «Әкімшілік биліктің саяси билік органдарынан тәуелсіздігі жөнінде көпжылдық дәстүрі жоқ жерде жалпыұлттық деңгейден кейбір сайлау учаскесіне дейін, тәуелсіз, әділ сайлау комиссиялары құрылуы керек».

Ұсыныс:

Сайлау комиссиясын құру қағидасын қайта қарастыру. Комиссия мүшелерінің саны сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың санына сәйкес болуы керек,  осының арқасында кез келген партия кез келген деңгейдегі комиссияда өз өкілін жұмыстатуға құқылы.

Комиссиядан шығып кеткендердің орнына комиссия мүшесін тағайындау тәртібін жария түрде  саяси партиялардың ұсыныстарын ескере отырып жүргізу.

Түсініктеме:

ҚР Конституциясы 44 б., 7 тармағына сәйкес Президент ОСК Төрағасы мен екі мүшесін сайлайды. Қалған мүшелерін ҚР Парламентінің екі палатасы тағайындайды (әр палатадан ОСК екі мүшесі сайланады). Президент, сондай-ақ, мүшелері ҚР Парламентінің басым бөлігін иеленетін «НұрОтан» партиясының төрағасы болып отырған жағдайда сайлау үрдісін реттейтін басты органды бір саяси партияның құрауына жағдай жасалады. ҚР заңнамасында мұндай жағдайлардың алдын алатын тыю мен қарама-қайшылық жүйесі жоқ.

Сайлау жөніндегі заңға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясынан басқа сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде мәслихат сайлайды. Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына өзінің бір өкілін ұсынуға құқылы. Мұндай жағдайда саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына аталмыш партияның мүшесі болып табылмайтын адамды ұсына алады. Егер саяси партиялар мұндай ұсыныс жасамаса,  мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа  қоғамдық ұйымдар мен жоғарғы сайлау комиссиясының ұсынысымен тағайындайды. Егер комиссия мүшесі қандай да бір себеппен  сайлау құрамынан шығып кетсе жоғарғы сайлау комиссиясы шығып кеткен мүшенің орнына мәслихат сайлау комиссиясы мүшесін  тағайындағанға дейін төменгі сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.

Іс жүзінде партияның комиссиядағы өкілдігі әлі күнге дейін шартты және формалды қалпымен қалуда.  Көп жағдайда сайлау комиссияларының мүшелері  комиссияда дәл қандай партияның атынан отырғандығын біле бермейді.  Бюджеттік партиялық жұмысшылардың басым көпшілігі, кей жағдайда ол 50, кей жағдайда тіпті 90-100%, «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылатын сайлау комиссияларын құрайды.  Дегенмен,  комиссияларда басқа партиялардың да өкілдері бар, бұл заңға қайшы емес, бірақ,  партия өкілдігі қағидасына қайшы. Сайлау комиссиясы бір ұйымның жұмысшыларынан ғана құралмауы керек. Кей жағдайда комиссияның жеті мүшесінің алтауы бір ұйымнан болатын жағдайлар кездесіп жатады. Нәтижесінде, сайлау комиссиясының жұмысында ортақ жұмыс орнының болуына байланысты қатаң иерархиялық қатынас орнайды, барлық шешім  шартты-әріптестік тұрғыдан қабылданады делінсе де, іс жүзінде комиссия төрағасы қабылдайды.

Ашықтық

Құжатқа сілтеме:

1990ж. Копенгаген құжатының 8т. сайлау үрдісіне қадағалаушылардың қатысуы сайлау үрдісіне бедел әкеледі деп көреді.

Ұсыныс:

Жергілікті қадағалаушылардың құқығын, соның ішінде сайлау үрдісінің барлық деңгейінде  қадағалау құқығын, сайлау үрдісіне қатысты ақпарат алу құқығын, сондай-ақ, бюллетень беру үрдісін бақылау, мемлекеттік тіл емтиханын бақылау, салық декларацияларын тексеру үрдісіне қатысу, әкімдер мен Сенат депутаттарын сайлай аралығындағы мәжілістерді бақылау құқығын кеңейту.

Түсініктеме:

2007 жылы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңды өзгертудің нәтижесінде жергілікті  қадағалаушылардың құқығы бұзылуда. Егер ертеректе  басқа құқықтармен қатар сайлау үрдісінің барлық сатысына қатысып, сайлау кампаниясы жөнінде сайлау компаниясынан ақпарат ала алатын болса,  заңның қазіргі нұсқасында мұндай құқық тек халықаралық қадағалаушыларға ғана тиесілі.

Жергілікті қадағалаушылар қазір сайлау комиссиясының отырыстарына ғана қатысып, дауыс беру үрдісін қадағалай алады. Осылайша, қадағалаушының  бақылауынан комиссияның іс-әрекетін мәжілістен тыс кезде бақылау, сондай-ақ, сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізу, есептен шығару куәлігін тапсыру, кандидаттардан құжат қабылдау, жоғарғы комиссия бюллетенін тапсыруды бақылай алмайды. Оның сыртында, заңға сәйкес комиссия (райондық және учаскелік) мүшелері  бақылаушыларға кезекті мәжілістің болар күнін хабарлауға міндетті емес.

Бақылау үрдісіне сондай-ақ, кіріс пен мүлік туралы декларациясын тексеру үрдісі, мемлекеттік тілді білу емтиханына қатыса алмайды. Дәл осы үрдістер кандидаттардың ары қарай сайлауға қатысу ісінде шешуші болып табылады, қадағалаудың болмауы кандидаттарды сайлаудан әдейі шеттетуді жоққа шығармайды.

 

 

Сендер түсініктемені немесе сілтемені , сіздің сайтыңызға қалдыру білесіңдер.
Скачать gta san andreas бесплатно на пк, скачать игру гта сан андреас на пк - гта сан андреас скачать на компьютер

Қалдыр түсініктеме

Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru